Жарыңыз қызғаншақ болса…

182

Бір кісі өте қызғаншақ екен. Әйелін көрінген көзден қызғанып, сол үшін жанжал шығарып, үйінің берекесін алады. Тіпті әйеліне қол көтерген кездері да аз болмайды. Ал әйелі адал әрі жаны таза, иманды жан екен. Күйеуінің бұл әрекетіне еріксіз шыдайды.

Бір күні кісі сол ауылдың данагөй қариясына келіп өзінің осы әрекеті жайлы:

– Сізге айтуға да ұяламын. Бірақ бұл жаман әдетімнен құтыла алмай қойдым. Не істесем болады? -деп ақыл сұрайды.

Қария біраз ойланып отырып былай дейді:

– «Мен мына бір оқиғаны естіген едім. Ертеде бір жігітке әкесінен мұраға жайқалып тұрған шие бағы қалады. Ол оны күтіп-баптап, суарып, мол жеміс жинап алып жүреді. Жұрттың барлығы сол баққа қатты қызығады екен. Бір күні жігітке көре алмайтын көздердің бірі келіп: «Қандай әдемі бақ! Бірақ, білесің бе, бақшаңа түнде ұрылар түсіп жүр. Осымен бірнеше рет көрдім» – дейді. Сол күннен бастап әлгі жігіттен маза кетеді. Түнде көз ілместен бақшасын күзетіп отырамын деп күндіз қатты шаршап ұйықтап қалады. Шиелер күтімсіз қалады. Ақырында олар қурап, солып, жоққа айналады. Ал шиенің тәтті дәмін әлдеқашан ұмытқан жігіт түнде бақшасын әлі күзетіп отырады…»

1 пікір

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз