Әйелдер жайлы қырық хадис
12- хадис
Жарды тақуалығына қарап таңдау
Әбу Һурайра (р.а.): «Алла Елшісі (с.ғ.с.) былай деді: «Әйелге төрт нәрсесі үшін үйленеді: дүние-мүлкі үшін, шыққан тегі үшін, сұлулығы және діні үшін. Дініне қарап таңдаңдар, әйтпесе, өкінесіңдер» деген (әл-Бұхари мен Муслим).