Жарамас сөз ұғуға сыртқы құлақ…

225

Жарамас сөз ұғуға сыртқы құлақ,
Іштегі құлағыңмен тыңда, шырақ!
Бұлар жоқ дүниеде деп ойлама,
Қазақта ол бесеуі болмас бірақ.
Ол қайдан табылсын деп ойыңа алма,
Елде жоқ нәрсе ғой деп айта салма.
Ақылға мүмкін істің бәрі мәужүт,
Өлгенше ізденіп бақ, қапы қалма.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз