Жақсылық жасаудың қайсысын таңдайсыз?

465

Біреуге титтей де болса көмек көрсеткен адам Алла разылығына бөленіп, оның бұл дүниедегі ризығы артады. Жақсылық жасаудың да түрлері көп. Бір ауыз жылы сөздің өзінде қаншама сауап жатыр! Ендеше, зер салыңыз:

– күлімсіреу, кездескен адамға жылы жүзбен қарау (сауабы мұқтаж жандарға садақа бергенмен бірдей);

– жетім-жесірлерге, басқа да материалдық көмеккке зәру жандарға көмек көрсету;

– өзгелердің қуанышына ортақтасу – сыйлық беру. Жас отбасыларға көмектесу;

– қиын жағдайға тап болған достарға немесе көршілерге көмек беру (қарыз беруге болады)

– қайырымдылық қорлары мен ұйымдарға қаржылай көмек көрсету;

– табиғи апаттан зардап шеккен жандарға мейлінше көмек беруге тырысу;

– оқушыға (оқуында) білмегенін үйрету;

– ауру жандарға (емделуге ақша таппай жатса) көмектесу;

– қарттар үйі мен балалар үйіне көмектесіп тұру.

Жақсылық мұнымен бітпек емес. Ата-анаға жақсылық жасау өз алдына. Күнделікті өмірде біздің жақсылық жасап, сауапқа кенелуімізге қаншама мүмкіндігіміз бар және ол міндетті түрде материалды көмек емес. Мысалы, қарияға ауыр сөмкесін көтерісіп жіберу, автобуста үлкендерге орын беру, жол сұраған адамға жол сілтеп жіберу, т.б. Ал сіз қайсысын жасар едіңіз?

Суды тұрып ішудің зияны қандай?
Стюардессалардың қолын арқасына қойып алуының себебі неде?
Өзімен өзі сөйлеу нені білдіреді?
Біреудің сізге өтірік айтқанын қалай білуге болады?
Бір рет қайнаған суды қайта қайнатпаңыз, себебі…

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз