Жақсы туған қыз бала, Батыр туған ұлмен тең……

452

Жақсы туған қыз бала,
Батыр туған ұлмен тең.
Ақылы аз болған соң,
Жаман адам құлмен тең.
Сатылса малға қарындас
Есікте жүрген күңмен тең,
Еңбегі еш, тұзы сор,
Жалыны өшкен құлмен тең.
Жабырқап көңілі ашылмай,
Қараңғы болған түнмен тең.
Көз жасын көрер пенде жоқ,
Қайғының дерті умен тең.
Еркі өзінде бар болса,
Тең құрбыға жар болса,
Мына отырған жас бала,
Болар еді кімнен кем? 

Ақтайлақ би

 

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз