«Жақсы» шайтан

134

Бірде бір кісі ақшасын тығып, оны қайда тыққанын ұмытып қалады. Қанша іздесе де таба алмайды. «Маған тек Имам Ағзам көмектесе алады, не істеу керектігін сол кісіден сұрайын», – деп ойлайды. Имам Ағзам: «Барып таң атқанша намаз оқы. Алла тағала ол жерді табуға көмектесіп қалар», – дейді. Кісі үйіне келіп, дәретін алып, жайнамазды төсеп, намаз оқи бастайды. Бірақ түннің жартысы өтпей жатып-ақ ақшаны қойған жері есіне түседі. Оны алып, алаңсыз ұйықтауға кіріседі. Таңертең Имам Ағзамға келіп қуанып: «Алла саған разы болсын. Түннің жартысы да өтпей ақшамды тауып алдым» – дейді. Алайда Имам Ағзам оның қуанышын бөліспей: «Құлшылығыңды таңға дейін жалғастырмағаның өкінішті. Шайтан сенің есіңе ақшаңды түсіріп, сені намаздан айырғанша асыққан ғой. Аллаға ризашылығыңды білдіріп, ғибадатыңды таңға дейін жалғастырғаның әлдеқайда жақсы еді», – деп жауап береді.

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз