Ислам жайлы қызықты фактілер

413
  1. Ислам күнтізбесі айдың өзгеру күйіне құрылған. Ол 365 күндік григориан күнтізбесінен шамамен 11 күнге қысқарақ. Сондықтан Ораза айты мен Құрбан айт мейрамдары жыл сайын кері жылжып отырады.
  2. Адам (ғ.с.) пайғамбардың бойы шамамен 30 зирдай болған. Зира – ұзындық өлшемі, бір зира жарты метрге тең.
  3. Мұсылмандар ең тығыз орналасқан ел – Индонезия. Көлемі бойынша 4- орында. Онда 184 миллионға жуық мұсылман тұрады. Ал Индия мұсылмандарының саны Сирия, Ирак, Иордания, Палестина және Арабия түбегінің жалпы халқының санынан әлдеқайда көп.
  4. Айдың қақ жарылуы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың кереметтерінің бірі болды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) 52 жасында оған құрайыштар келіп: «Егер пайғамбар екенің рас болса, онда айды екіге бөл» дейді. Сонда Алла елшісі (с.ғ.с.) қолын жоғары қаратып дұға еткенде ай екіге бөлінеді. Айдың әрбір бөлігін екі таудан көруге болатын еді. Сонда құрайыштар: «Мұхаммед сиқыр жасады» дейді.
  5. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) үмметі алдыңғы барлық пайғамбарлар мен елшілердің үмметінен көп болды.

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз