Ішінен жақсы кетсе ел жесір

507

Еліңде жақсы көп болса пайдасы тиер,
Содырлы, сотқар көп болса найзасы тиер.
Қоғамшыл, кең қолтық болсаң халқың сүйер.
Жақсыға жаманнан кесір,
Ішінен жақсы кетсе ел жесір.
Өзіңе жамандық қылған пендеге,
Жібектей болып есіл.
Қисық ағаш тезінен мұқар,
Асқынған дау сөзінен мұқар.
Жақыннан шыққан жау жаман,
Алмас қылыш жүзінен мұқар.
Жаңылмас жақ болмас,
Сүрінбес тұяқ болмас.
Ер жігітке еңбек ар емес,
Оны көтермеген нар емес.
Жігітке серуен,
Сергелдең де серуен,
Уа, Қозыбай, дәм-тұзыңды бізден жазсын,
Топырағыңды жерінен жазсын!

Бекболат би

Ер адам әйеліне «жақсы көремін» деп айтуы керек пе?
Тәттіге құмарлықтың себебі неде?
Әйелдердің Рамазан айына дайындығы: қажетті кеңестер
Өзіңіз жайлы білгіңіз келе ме? Онда оқыңыз…
Суды тұрып ішудің зияны қандай?
Стюардессалардың қолын арқасына қойып алуының себебі неде?
Өзімен өзі сөйлеу нені білдіреді?
Біреудің сізге өтірік айтқанын қалай білуге болады?
Бір рет қайнаған суды қайта қайнатпаңыз, себебі…

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз