Гемоглобинді көтеріп, қаназдықтан арылтатын тағамдар

751

Гемоглобин – эритроциттердің (қанның қызыл түйіршіктері) күрделі ақуызы. Басты компоненті темір болып табылады. Гемоглобиннің негізгі қызметі – адам ағзасының жасушалары мен терісін оттекпен қаматамасыз ету. Оның жетіспеуі анемияға, яғни қаназдыққа алып барады.

 

Ал мына тағамдардың құрамында темір өте көп, сондықтан қаназдықтан арылуға көмектеседі:

  1. Ет және ет өнімдері (бауыр, бүйрек, жүрек, құс еті, балық).
  2. Ботқалар: күн сайын қарақұмық, қарабидай ботқалары, жасымық, асбұршақ.
  3. Жеміс-жидектер: алма, банан, шабдалы, құрма, қараөрік, айва, мүкжидек, құлпынай, бүлдірген, қаражидек.
  4. Шырындар: анар, қызылша, сәбіз, алма шырындары.
  5. Көкөністер: картоп, қызылша, қызанақ, асқабақ, қыша, бақбақ жапырағы.

 

Сондай-ақ, кептірілген өрік, мейіз, жаңғақты балмен араластырып, күн сайын 3 ас қасықтан жеп тұрған жөн.

Айта кететін жайт, гемоглобині төмен адамдарға қара шай мен құрамында кальциі көп тағамдарды көп жемеген дұрыс. Олар ағзада темірдің алмасуына кедергі келтіреді.

Жұмақ жайлы… Жұмақтықтар тамақтана ма?

Бір адамның асы екеуге, төртеуге, тіпті сегізге жетеді

Ғибрат! Кісілік болмаса…

Өзіңізге сырт көзбен қарап көріңіз!

 

 

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз