Есте сақтау қабілетін оңай әрі тез жақсарту

82

Есте сақтау – Алланың адам баласына берген ерекше қабілеттерінің бірі. Алайда жас ұлғайған сайын есте сақтау да әлсірей бастайды. Ғылымның қазіргі есте сақтау қабілеттерін жақсартудың амал-тәсілдерін Ислам 15 ғ. бұрын-ақ ашып қойған:

1. Оқы!

Біз білетіндей, Алланың ардақты Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) жіберген алғашқы бұйрығы мен аяты «Оқы!». Оқу мен жаттау, оны қайталау есте сақтау қабілетін жақсартады. Ал Құранды дауыстап оқу ми қантамырларына жақсы әсері бар.

2. Ойлан!

Алла елшісі (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Терең ойлау секілді құлшылық жоқ», – деп түйін жасаған. Сондай-ақ: «Алланың жаратылыстары жайлы бір сағат ой қорыту бір түнді құлшылықпен өткізгеннен артық», – деген. Міне, керемет! Алланы көбірек еске алып, көбірек ойлансақ, біріншіден, Раббымызға жақындай түсеміз, екіншіден, есте сақтау қабілетіміз жақсарады.

3. Көзіңді қорға!

Имам Шафиғи: «Тыйым салынған нәрселерге қарау – ұмытшақтықтың себебі» деген. Ол біріншіден, күнәлі істер қатарына жатса, екіншіден, ақыл-ойымызды әлсіретіп, миымызға зияны тиеді.

4. Тым тойып тамақтанба!

Асқазанды аса толтырып, артық тамақтану артық салмақ қосса, қан құрамындағы липидтердің көбейіп, амилоидтардың жиналуына алып келеді. Ал ол ақыл-ес кемістігін тудырады. Темекі, ішімдік сияқты зиянды заттар да есте сақтау қабілетін төмендетеді.

Сұрақ – жауап:
Денсаулықты сақтаудың сүннеттегі 5 қағидасы
Неліктен оң жақпен жатқан дұрыс?
Күн сайын орындауымыз тиіс 12 сүннет
Жанарыңызды сақтағыңыз келсе…   
Азан дауысын естігенде не істеу керек?

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз