Ерлі-зайыптыларға ең қажетті кеңестер (ерлерге)

54

1. Ер адам – отбасының басшысы. Әйеліне, балаларына жауапты. Бірақ басшы екенмін деп дөрекілік пен күшке жол беруге болмайды.

2. Отбасын материалдық тұрғыдан қамтамасыз етумен қатар, оның рухани дамып, өсіп-жетілуіне, ондағы әрбір жанның азамат болып қалыптасуына да мән беріңіз.

3. Әйел – нәзік жанды. Сондықтан ол сізден жылы сөз бен сүйіспеншілігіңізді күтеді. Онымен кейде отырып сырласқаныңызды қалайды.

4. Бақытты неке сыйластық пен түсіністікке құрылады. Араларыңызда бір түсініспеушілік туып жатса оны бейбіт жолмен шешуге тырысыңыздар.

5. Қандайда бір мәселені шеше алмай жатсаңыз әйеліңізден ақыл-кеңес сұраңыз.

6. Жарыңыз қателік жасап қойса немесе оған көңіліңіз толмай жүрсе оны жұмсақ сөздермен, оны төмендетпей, өзге әйелдермен салыстырмастан жеткізіңіз.

7. Анда-санда сыйлық жасап, әйеліңіздің көңілін көтеріп қойыңыз, бірге отбасылық серуенге шығып тұрыңыздар.

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз