Ерлі-зайыптылардың сүйіспеншілігін қалай сақтауға болады?

74

Көптеген ерлі-зайыптылар үйленген соң көп ұзамай-ақ араларында сезім қалмағанын, бір-біріне ерім, әйелім деп емес, сол үйдің бір адамы сияқты қарайтынын айтып жатады. Ондай салқындық қайдан пайда болады? Арадағы жылулықты сақтау екеуіне де байланысты. Десек те отбасындағы ыңғайлы атмосфера, түсіністік пен гармония, яғни жайлылық тікелей әйел затына қатысты. Сондықтан осы тақырыпта қыз-келіншектерге бірнеше кеңесімізді ұсынамыз:

1. Көп әйелдердің қателігі «ол мені бұрынғыдай жақсы көрмейді» деп ойлап, «уайымға» салынады. Шын мәнінде олай емес. Тек жағдай өзгерді. Сіздер бұрынғы қыз бен жігіт емессіздер, сезімдеріңіз бен ақылдарыңыз ұштасқан ерлі-зайыптысыздар, ата-анасыздар.

2. Кейбір қыздар тұрмысқа шыққан соң «болды ғой қайда кетер дейсің» деп бұрынғыдай өзіне қарауды, сәнденіп, ері үшін әдеміленуді қояды. Орамалы қисайған, көйлегі мыж-мыж, шашы ұйпа-тұйпа әйелдің есік ашқанын жұмыстан шаршап келген қандай ер қалар дейсіз?

3. Сен маған былай қарадың, сен маған анау көйлекті алып бермей қойдың, осы уақытқа дейін қайда жүрсің деген сияқты болмашы нәрсеге ренжіскенді де қойған дұрыс.

4. Еріңізге қарсы сөз айтып абырой таппайсыз. Қандай жағдай болмасын үндемеңіз. Тіпті ол кінәлі болса да. Қит етсе жауап қатуға дайын тұратын әйелден ер адамның көңілі қалып, сезімдеріңізге сызат түсуі мүмкін.

5. Жалпы айтқанда, ер адам өзінің жанында үйді тап-тұйнақтай етіп ұстап, тамағын уақытылы әрі дәмді етіп дайындап, қонақ келсе шайын қойып жүгіре жөнелетін ақкөңіл, биязы, өзіне де, ері мен бала-шағасының жағдайын жасауға уақыт таба білетін, жұбайының қас-қабағына қарап сөйлейтін, қарапайым әйелді көргісі келеді.

5 пікір

  1. Ishimdik iship aksha shaship kumar oinap koshede tundeletip juretin erkektin habagina nege harau kerek. Onin ustine ozimshil bolsa, esh kuantpasa, jilatsa, ursa bugan undemei koia bersen erkekter aielin basinip aladi. Algashhida hatti jaksi korsemde osi istegenderinen kein hatti jek korip kettim. Uilengenimizge bir jilda bolgan joh okinishtisi onin shinai juzin uilengen son gana bildim. Aldanip tuzahha tusip halgandaimin.

  2. үйдің бар щаруасын мойныңа іліп алып бүкшеңдеп істейсің де жүресің қорада сасып қаншама сиыр сауасың сонда қай кезде сыланып таранасың. алдымен еркек жағдай жасау керек. айелі адемі боп жүретіндей

  3. Gul hanym. Jagdaiynyz kiyn eken. Jaksy minez tanytyp,koterinki konil kuimen karsy alyp ogan jaksy karailasyp koriniz mumkin ozgerer. Sizge erkelep jaman kylyk korsetip jurgen wygar. Aiel jumsak alakanymen jyly sozderimen tatti tagamdarymen aibatty arystandy da ozine karatyp tarbielep ala alady deidi. Al erkek bala siyakty emespe

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз