Ерлі-зайыптылардың бір-біріне салқындауының себебі неде?

757

Отбасылық өмір, әрине, біз көріп жүрген кинодағыдай тек бақытты сәттерден тұрмайды. Алда қаншама қиыншылықтар мен сынақтар күтіп тұрады. Солардың бірі – ерлі-зайыптылардың ара-қатынасының салқындауы. Ол жайлы көптеген қыз-келіншектер айтып жатады. Ендеше, салқындықтың пайда болуының басты себептері неде, қайтсе жұбайының сүйіспеншілігін арттыруға болады?

  1. Әйелдің еріне бағынбауы. Ер адам – өзі құрған кішігірім мемлекеттің басшысы, сондықтан қол астындағылардың өзіне бағынғанын қалайды. Билікке тағы бір адамның таласқанын ұнатпайды.
  2. Ата-анасын, жақындарын сыйламауы. Ері әйелін қанша жақсы көріп тұрса да, әйелі оның ата-ана, бауырларын сыйламаса көңілі қалады.Себебі олар еріңіз үшін ең қымбат жандар.
  3. Әйелге тән нәзіктік пен әдемілікті жоғалтып алу. Ер адам әйелінің әрқашан әдемі, нәзік, мейірімді, жылы жүзді болып жүргенін қалайды.
  4. Жұбайының жан дүниесінен хабарсыз болу, сырласпау. Әйел күйеуінің сырласы бола білуі тиіс, қандай да бір қиыншылыққа тап болса, қолдау көрсетіп, жай-күйінен хабардар болуы керек.
  5. Физикалық және рухани алыстау. Бір-біріне жақсы көретіндерін айту, жай ғана құшақтаудың өзі, мейірімділік таныту, жылулық сыйлау – салқындықты жоюдың тағы бір жолы.

Ер мен әйелге қажетті 5 хадис

Әкені сыйлау осыдан бастау алады

Ылаң тудырушы әйелдер

Үйге кіргенде және шыққанда мыналарға мән беріңіз!

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз