Ер жігітті бұзатын екі нәпсі

77

Біріншісі, ішіп-жеп қояды. Дүние жетіп, жетпей тұрғаны сөз емес. Ол бала кезінен әдетке айналған, алған тәрбиесі солай. Жолдасы арқылы, не қауым арқылы бұзылып кеткен. Немесе біреуге жаман сөз айтып тәкаппарланып: «Мен сені өйтіп жіберем, бүйтіп жіберем» – дейді. Тіпті аузынан, тілінен қылмысқа тартылуы да мүмкін….

Екінші нәпсі – біреудің әйеліне, не қызына қызығып, таласып, шатақтасуы мүмкін. Ертең оны жұрт жақсы жігіт дей ме? Бұл да ер жігіттің басынан бағын тайдырады. «Адам болатын бала ма деп жүр едік. Осындай бүліншілікке барыпты, бойына ұят, ар көрмей қылмыс жасапты» деп ел теріс айналып түңілмей ме? Ал ар-ұяты бар, тәрбиесі, заты жақсы болса, оны ол істемеген болар еді. Жолдасы қанша азғырса да: «Қой, естіген ел-жұрттан ұят болады», – деп ырық бермес еді. Ал ұят дегеніміз – сенім, тәрбие.

(Қойгелді батырдың Төле биге берген жауабы)

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз