Ер адамның отбасын «ұмытып кетуі» дұрыс па?

740

Бірде Сәлман (р.а.) жолдасы Әбу Дардаға (р.а.) қонаққа келеді, бірақ ол үйінде болмайды. Оны қарсы алған әйелінің сынық жүзін көріп жағдайын сұрайды. Сонда әйел көз жасына ерік беріп: «Жағдайым қалай болсын? Әбу Дарда (р.а.) мына өмірден мүлде қол үзді. Түндерін құлшылықпен, ал күнін оразамен өткізеді, Аллаға шүкір. Бірақ бізді, отбасын тіптен ұмытты» – дейді. Сәлман (р.а.) мұны естіп жабығып қалады. Сөйлеспек болып досын күтіп отырады. Ол келгенде: «Бауырым, саған Жаратушың, содан соң өзің, отбасың, қонағың, көршің құқылы, яғни олардың әрқайсысының алдында атқарар міндетің бар. Алла үшін намаз оқы, ораза тұт, Оның құлы бол, бірақ отбасыңды ұмытпа, еңбектен, тамақтан, тынық, өмірлік серігіңді де назардан тыс қалдырма» – деп кеңес береді.

Әйел адамның ерінің алдында міндеттері болғаны секілді, ер адамның да әйелінің алдында, отбасының алдында өз міндеттері (оларды ас-сумен қамтамасыз ету, киім-кешек, керек-жарағын түгендеу, балалардың тәрбиесіне көңіл бөлу, әйелінің барлық жағдайынан хабардар болуы) бар. «Мен жұмыстамын», «қолым тимейді» деп отбасын «ұмытып кетуі» дұрыс болмайды.

Неке ажырасумен аяқталмауы үшін…

Көз тию мен дуадан қорғану үшін

Баланы балабақшаға тез үйретудің 5 жолы

Әрбір мұсылман жасауы тиіс істер

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз