Ер адамның әйеліне үнемі көңілі толмауы дұрыс па?

442

«Күйеуіме не істесем де жақпай-ақ қойдым, көңілінен еш шыға алмаймын» деп ренішін білдіріп жататын әйелдер аз емес. Расында да, олар таңнан қара кешке дейін жұбайының қас-қабағына қарап, ас-суын даярлап, кірін жуып, үйін жинап, айтқандарын орындап отырса да күйеуінің қатулы қабағын еш жаза алмайды, керісінше, тағы бір сөгіс естиді.

Біз әйелдер күйеуінің жағдайын жасауы керек, бағынуы керек, қас-қабағына қарауы керек, күліп қарсы алуы керек дейміз. Ол дұрыс та. Бірақ ер адамдар ше? Оларға әйеліне осындай қарым-қатынас жасауға, яғни үнемі көңілі толмай, сынықтан сылтау іздеп отыратын беймаз болуға рұқсат етілген бе?

Әрине, жоқ. Дініміз керісінше, әйел адамның құқығын жоғары қояды, оларды құрметтеуді, жақсы қарым-қатынас жасауды, мейірімді болуды, күйеуі әйеліне сүйіспеншілігін білдіріп тұруды бұйырады.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Алла тағала мұсылман құлының басына келген шаршап-шалдығу, ауру-сырқау, үрей, уайым, күйініш пен қайғы-қасірет секілді қандай да бір ауыртпашылық себепті, тіпті, қолына немесе аяғына кірген кішкене тікен үшін де оның күнәларын жарылқап кешіреді», – деген (Бұхари, мәрда 1; Муслим, бирр 49).

«Қиындықтарына шағым жасайтын адам, шын мәнінде, Алла тағалаға шағым жасайды» (Имам Әли (р.а.)).

Қабағын түйіп, кешкі асты ешкім дыбысын шығармай ішіп, көңілсіз атмосфера орнатқаннан гөрі, әйеліңізді, балаларыңызды көріп, күні бойы шаршағаныңызды оларды құшақтап, иіскеп басып, кешкі асты ойнап-күліп, үйдің берекесін кіргізе отырып, Алла тағалаға шүкіршілік ете отырып ішкен әлдеқайда дұрыс та, жақсы да емес пе?

Суды тұрып ішудің зияны қандай?
Стюардессалардың қолын арқасына қойып алуының себебі неде?
Өзімен өзі сөйлеу нені білдіреді?
Біреудің сізге өтірік айтқанын қалай білуге болады?
Бір рет қайнаған суды қайта қайнатпаңыз, себебі…

 

 

 

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз