Ер адамдар неге аз сөйлейді?

272

Кейде біздер, әйелдер, күйеуімізге ренжісек, құрбымызға шай үстінде отырып сағаттап «мұңымызды шағып, көз жасымызды сығып алатынымыз» бар. Сол екі сағаттың ішінде бәрін де айтып үлгереміз – реніштен басталған әңгіме ақыр соңы әйелдер жайлы, дүкендегі жеңілдіктер жайлы әңгімемен бітеді. Дұрысы, бітпейді, жұмыстан келетін күйеуіміз, балаларымыз есімізге түсіп кетеді.

Ал ер адамның жолдасына барып осылай мұңын шағып отырғанын көріп пе едіңіз? Жоқ!

Міне, ер мен әйел адамның бір айырмашылығы осы тұста. Ер адамдар көбінесе көп сөйлеп отырғанды ұнатпайды, көп сөйлегеннен олардың «іші пысады». Олар тек керекті, маңызды нәрселерді ғана және қысқа-нұсқа айтқанды ұнатады.

Кейбір әйелдер күйеуінің үндемегенін былай жорып жатады:

– «үндемейді, «значит» бірнәрсе жасырып жүр»;

– «басқа біреуі бар-ау»;

– ол мені жақсы көрмей қалған», тағысын тағылар…

Шын мәнінде солай ма? Әрине, жоқ.

Ер адамның психологиясы сондай: сабырлы, салқынқанды, көп сөйлемейді, эмоцияға оңай беріле қоймайды. Бірнәрсе сатып алған әйелі күйеуіне оны қуанып көрсетіп жатса ол: «ммм», «жақсы», «дұрыс» деп қана жауап береді. Оны қай жерден алғаны, қаншаға, қанша пайыздық жеңілдікпен алғаны оны қызықтырмайды. Ал әйел күйеуінің бұл жауабына ренжіп жатады.

Сондықтан, қыз-келіншектер! Күйеуіңіздің сөйлемегенін жаман нәрселерге жорып, ренжіп, соған бола үйіңізде жанжал шығарып, қателік жасамаңыздар! Тек түсініуіңіз керек: ол- еркек, табиғаты сондай. Алла тағала ер адам мен әйелді екі түрлі етіп жаратқан.

Тағы бір айта кететін жайт, жаңағы екі сағаттық әңгіме жайлы. Құрбылармен сырласқан, әрине, дұрыс, бірақ ол өсек, ғайбат араласқан әңгімелерге айналып кетпеуі керек.

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз