Ер адам әйеліне намаз оқуды бұйыра ала ма?

766

Отбасында ер мен әйелдің өз міндеттері бар екені белгілі. Осы тұрғыда ер адам өз отбасының басшысы, қорғаны болғандықтан, ондағы әрбір адамға жауапты болғандықтан әйелі мен балаларына имани тәрбие беру де оның міндетіне кіреді. Бұл жайлы Қасиетті Құранда:

«Отбасыңа намаз оқуды бұйыр. Өзің де намаз оқуда табандылық таныт» («Таһа» сүресі, 132-аят).

«Уа, иман еткендер! Өздеріңді және жанұяларыңды тозақ отынан сақтаңдар!» («Тахрим» сүресі, 6-аят) делінген.

Ал өзін және отбасы мүшелерін тозақ отынан қорғау деген не? Ол – имандылық. Ал имандылық 5 парызды орындаумен шектелмейді. Оның аясы өте кең: тазалық, келіннің ата-енесін сыйлауы, балаларға үлкендерді сыйлауды үйрету, дастархан басында отыру әдебі, ұйықтау әдебі, үй ішіндегі тазалықты сақтау тағы осы секілді күнделікті іс-әрекеттерімізді дінімізге сай жасау, Алланың барлық бұйрықтарын орындау. Міне, мұның барлығын да ер адам өз отбасына түсіндіріп, үйретуі тиіс. Себебі, Алла алдына барғанда ер адамнан бұл тұрғыдан да жауап алынады.

Ерлі-зайыптылардың бір-біріне салқындауының себебі неде?

Періштелердің іс-әрекеттерімізді жазуының себебі неде?

Жанарыңызды сақтағыңыз келсе…

Құранда барлық дертке дауа қандай дәрі жазылған?

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз