Ең үлгілі отбасы қандай болады?

147

Ең алғаш адам пайда болғаннан бастап қазіргі таңға дейін қаншама өнегелі отбасылар болды. Солардың бірі – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) отбасы. Ол үй береке мен тыныштыққа, түсіністік пен сүйіспеншілікке толы болды. Тіпті отбасы мүшелерінің ас-ауқатсыз, нәр татпаған күндерінің өзінде ол шаңырақ сүйіспеншілік пен бақыттың атмосферасын жоғалтпады.

Ешбір әйел өзінің жұбайын Алла елшісін (с.ғ.с.) қатты сыйлап, жақсы көрген ардақты аналарымыздай жақсы көре алмайды. Ешбір ер адам өз әйелін Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әйелдерін қадірлеп, жақсы көргеніндей жақсы көре алмайды. Ешбір бала әкесіне Фатима (р.а.) анамыздай жақын бола алмайды. Ешбір әке баласын Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қызын жақсы көргендей жақсы көре алмайды.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жанұясының мұншалықты махаббат пен сабырлылыққа толы болуының сыры неде? Ол қасиетті шаңырақта Алланы жиі еске алады, Құран оқылады, әркім Раббысының разылығын табуға тырысады. Олар үшін бірінші кезекте материалдық қажеттілік емес, рухани байлық, отбасылық құндылық және жанның тазалығы. Әрбіріміз үлгі алуымыз тиіс шаңырақ, міне, осындай.

Өзгені қателігі үшін сөге көрмеңіз!

Отбасының молшылықта өмір сүруі үшін..

Исламдағы ата-ананың рөлі

Күйеуіңіз ашуланса…

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз