Дискотека, құлаққап: зияны қандай?

565

Қазіргі таңда көптеген қыз-жігіттер концерт, дискотека, түнгі клуб сияқты ойын-сауық орталықтарына жиі барады, құлаққаптарын тастамайды. Дәл осындай жастарға (11 мен 25 жас аралығындағы) канадалық және бразилиялық дәрігерлер зерттеу жүргізген. Олардың барлығы құлақтарының жиі шыңылдайтынына шағым жасаған. Онымен қоса, дәрігерлер олардың қатты дауысқа селт етпейтіндерін байқаған.

«Бұл белгілер есту жүйкесіне зақым келгенін білдіреді. Алайда есту қабілетінің нашарлағаны алғашқыда білінбеуі мүмкін. Бірақ мұндай жастардың жасы ұлғайған сайын есту қабілеттері нашарлай береді», – дейді дәрігерлер. «Құлақтың жиі шыңылдауы мен қатты дауысты онша сезінбеу – есту қабілетіне зақым келгенінің ең алғашқы белгілерінің бірі» – дейді ғалымдар да.

Міне, осылайша, дискотека, түнгі клуб сияқты жынойнақтың ордасына барып, үлкен күнәні арқалап қайтумен қатар, кереңдікті де өзіңізбен бірге ала келесіз.

Ер адам әйеліне «жақсы көремін» деп айтуы керек пе?
Тәттіге құмарлықтың себебі неде?
Әйелдердің Рамазан айына дайындығы: қажетті кеңестер
Өзіңіз жайлы білгіңіз келе ме? Онда оқыңыз…
Суды тұрып ішудің зияны қандай?
Стюардессалардың қолын арқасына қойып алуының себебі неде?
Өзімен өзі сөйлеу нені білдіреді?
Біреудің сізге өтірік айтқанын қалай білуге болады?
Бір рет қайнаған суды қайта қайнатпаңыз, себебі…

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз