Адамның қантамырлары уақыт өте келе әлсіреп, қанайналымы нашарлайды. Оның себептері де әртүрлі: дұрыс тамақтанбау, қозғалыстың аздығы, жиі ашулану, уайым, т.б. Ал қанайналым жақсы болмаса, түрлі ауруларға тап болуы мүмкін.
Қантамырларды тазартып, қанайналымды жақсартатын, иммунитетті көтеріп, бауыр, бүйрекке аса пайдалы бұрыннан қолданылып келе жатқан табиғи сусын бар. Оны дайындау үшін: 6 лимон, 30 тіс сарымсақ пен 1 л су қажет. Бұларды еттартқыштан өткізіп, қатты отта қайнағанша қатты ысыту керек (бірақ қайнатпаңыз). Суыған соң бетін жауып, тоңазытқышқа салып, күніне 50 мл. ден ішіп тұру қажет. 3 апта ішіп, 3 апта үзіліс жасап жылына екі рет ішіп тұрған дұрыс.
Бұл компоненттердің қайсысына болсын аллергиясы бар адамдар, асқазан ойық жарасы барлар, жүкті және емізулі әйелдерге қолдануға болмайды.