Дәрігерлер неліктен ақ түсті халат киеді?

814

Дәрігерлердің қызыл емес, сары емес неліктен дәл ақ түсті халат киетіні жайлы ойланып көріп пе едіңіз?

Ақ халат жайлы ең алғаш рет 18 ғасырдың екінші жартысында айтылды. Оған дейін дәрігерлердің униформасы алжапқыш пен қолғаптан ғана тұрды (маңызды операция болса).

Дәрігерлердің ақ түсті киім кию керектігі туралы алғаш рет ағылшындар айтты. Ағылшындық дәрігер Джозеф Листер ақ түсті киімнің антисептикалық қасиеттері жайлы тұжырымдама жасап, осы тақырыпта ғылыми полемика бастады.

Сондай-ақ, өткен ғасырда ақ халатына қарап дәрігердің шеберлігін, жасаған операциясының сапасын ақ халатына тиген қан дақтарына қарап анықтайтын болған.

Оның үстіне, колориметрияның (түстерді зерттейтін ғылым) айтуынша, ақ түс адамды жұмысына бар ықыласымен берілуге, ашықтық, ойдың толыққандылығына, жинақылыққа, тазалыққа бағыттайды. Яғни, науқастарға жақсы әсер етеді, дәрігерге деген сенімін арттырады.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, дәрігер ақ  түсті халат кисе, қателікті аз жасайды, ақ түс жұмысына жауапкершілікпен, адалдықпен қарауға, адамдардың өміріне жауапты екендігін сезінуге көмектеседі.

Кейбір тағамдар жайлы қызықты деректер

Өмірлік жар таңдауда қателеспейсіз, егер…

Тез ұйықтауымызға көмектесетін тағамдар

Жұбайыңыз «жоқ» десе, ренжімеңіз (Ерлі-зайыптылар мына істерді жасамаулары тиіс)

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз