Дәмді наурыз көже дайындаймыз!

30

Жыл басы 22 наурыз жақындағанда әрбір үйде келер жылға тоқшылық пен ырыс, құттың жоралғысы ретінде өзге де ұлттық тағамдармен қоса міндетті түрде наурыз көже дайындалады. Халқымызда жеті саны қасиетті саналғандықтан наурыз көжеге 7 түрлі дәм қосылады. Бұл күні наурыз көжені тойып ішкен адам жыл бойы молшылық пен тоқшылықта болады деген де сенім бар. Ендеше, бұл дәмді де тойымды тағамды бірге дайындайық!

Бізге қажетті заттар:
* 0,5 кг жылқы еті
* 100гр қазы
* 100 гр. бидай
* 100 гр. күріш
* 100гр. тары
* 2,5л. су
* тұз;
* айран-1 стақан;
* құрт

29

Дайындалу тәсілі: Ет пен қазыны баяу отта пісіреміз. Күріш, бидай, тарыны қосып қайнатамыз. Бидай ұзағырақ пісетін болғандықтан оны ең бірінші саламыз. Барлығы піскен соң айранды құйып жақсылап араластырамыз. Дәміне қарай құрт пен тұзды қосамыз.

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз