Ерлі-зайыптылардың сүйіспеншілігін қалай сақтауға болады?

Көптеген ерлі-зайыптылар үйленген соң көп ұзамай-ақ араларында сезім қалмағанын, бір-біріне ерім, әйелім деп емес, сол үйдің бір адамы сияқты қарайтынын айтып жатады. Ондай салқындық қайдан пайда болады? Арадағы жылулықты сақтау екеуіне де байланысты. Десек те отбасындағы ыңғайлы атмосфера, түсіністік пен гармония, яғни жайлылық тікелей әйел затына қатысты. Сондықтан осы тақырыпта қыз-келіншектерге бірнеше кеңесімізді ұсынамыз: 1. … Толығырақ «Ерлі-зайыптылардың сүйіспеншілігін қалай сақтауға болады?»

Исламдағы ата-ананың рөлі

Қасиетті Құранда: «Раббың өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің біріне немесе екеуіне де кәрілік жетсе: “Түһ” деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ ол екеуіне зекіме, оларға сыпайы сөйле», – делінген («Исра» сүресі, 23-аят). Адамдардың қайсысы жақсы қарым-қатынасқа лайық? Бірде осы сұрақпен бір кісі Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келеді. Алла елшісі (с.ғ.с.): «Сенің … Толығырақ «Исламдағы ата-ананың рөлі»

Әйел – ер адамға берілген Алланың сыйы

Әйел – ер адамға берілген Алланың сыйы. Сондықтан ер азамат жарын қорғап, сыйлауға, ал әйел еріне бағынуға міндетті. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Сендердің ең жақсыларың – әйелдеріңе жақсы қарайтындарың» деген. Жақсы қарау дегеннің мәні әйелді сыйлау, оған мейіріммен қарау, ауырып қалса жанынан табылып, қиналғанда арқа сүйер қамқоршысы болу, материалдық тұрғыдан қамтамасыз етумен қатар, рухани дамып, өзін бақытты … Толығырақ «Әйел – ер адамға берілген Алланың сыйы»

Әйеліңіздің мінезі нашар болса не істеу керек?

Халифа Омардың (р.а.) кезінде бір кісі әйелінің мінезінің нашарлығын айтып шағымданбақ болып оның үйіне келеді. Бірақ үйіне кіре берістен халифаның әйелінің оған ұрысып жатқанын естіп қалады да: «Иә. Егер халифаның үйінде осындай болып жатса, менің шағым айтқаным жарамас!» деп ойлап бұрылып енді кетіп бара жатқанында Омар (р.а.) оны байқап қалады да: – Бірнәрсе сұрайын деп … Толығырақ «Әйеліңіздің мінезі нашар болса не істеу керек?»

Ерлі-зайыптыларға ең қажетті кеңестер (ерлерге)

1. Ер адам – отбасының басшысы. Әйеліне, балаларына жауапты. Бірақ басшы екенмін деп дөрекілік пен күшке жол беруге болмайды. 2. Отбасын материалдық тұрғыдан қамтамасыз етумен қатар, оның рухани дамып, өсіп-жетілуіне, ондағы әрбір жанның азамат болып қалыптасуына да мән беріңіз. 3. Әйел – нәзік жанды. Сондықтан ол сізден жылы сөз бен сүйіспеншілігіңізді күтеді. Онымен кейде отырып … Толығырақ «Ерлі-зайыптыларға ең қажетті кеңестер (ерлерге)»

Ерлі-зайыптыларға ең қажетті кеңестер (әйелдерге)

1. Дінімізде ер азамат өте жоғары статусқа ие. Сондықтан оған бағынып, бар талаптарын орындауға міндеттісіз. 2. Ол жұмыстан шаршап келгенде тамағыңыз дайын, үйіңіз таза, өзіңіз жылы жүзбен қарсы алыңыз. 3. «Ызыңдап» жоқты айтып, «құлақ етін» жей бергенді ер адамдар ұнатпайды. 4. Отбасы болған соң, әрине, ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Ондай сәттерде ашуға емес, ақылыңызға жүгініп, сабыр … Толығырақ «Ерлі-зайыптыларға ең қажетті кеңестер (әйелдерге)»

Әкеме жасағаным алдыма келді

Хазрет Иса Пайғамбар (а.с.) бір күні көшеде келе жатып жап-жас жігіттің аппақ сақалды қарт кісіні тоқпақтап сабап жатқанын байқап қалады. Ұрғанымен қоймай жерге домалатып әрі тепкілейді, бері тепкілейді. Иса Пайғамбар (а.с.) араша түсу үшін жүгіріп қастарына жетіп барды. Барады да, жігітті тоқтатуға кірісе бастайды. Алайда осы тұста таяқ жеп жатқан қария таңқаларлық сөз айтты: «Тиіспеңіз, … Толығырақ «Әкеме жасағаным алдыма келді»

Бақ-береке мен бақытқа толы үй қандай болады?

Үйіміз – біздің тынығатын, өзімізді жылы, жайлы сезінетін орнымыз. Халқымыз жай ғана үй деп емес, «қара шаңырақ», «отан», ошақ деп киелі санаған. Сондықтан үйде реніш, ұрыс-керіс пен теріс әрекеттерге орын жоқ. Үйдегі тыныштық отбасы мүшелерінің әрқайсысының қолында. Бақыт өздігінен келмейді. Гүлді де суарып, күтіп-баптамасаң, солып қалатыны секілді, отбасыға да тер төгіп, махаббат пен мейірім сыйламасаң, … Толығырақ «Бақ-береке мен бақытқа толы үй қандай болады?»

Күйеуіңіз ашуланса…

Бір кісі қит етсе ашуланып шыға келетін күйгелек, өте сабырсыз болыпты. Ал оның жары керісінше, байсалды, сабырлы, ақылды әйел екен. Кісінің сондай қиын мінезіне қарамастан екеуі тату-тәтті, береке мен бірлікте өмір сүреді. Күйеулерімен жиі ренжісіп қалатын құрбылары: – Құрбым, сенің күйеуіңнің мінезі бізге мәлім. Соған қарамастан тату-тәтті өмір сүрулеріңнің сыры неде? – деп сұрайды. Сонда … Толығырақ «Күйеуіңіз ашуланса…»