Ең дәмді «медовый» торты

«Медовый» тортын барлығы да ұнатады. Бұл торттың қамыры өте жұмсақ әрі дәмі тіл үйірердей. Ендеше отбасыңызға, жақындарыңызға жасап беріп, қуантып қойыңыз. Қажетті заттар: 2 жұмыртқа 3-4 ас қасық бал жарты шай қасық сода жарты стақан құмшекер 3 стақан ұн 100 гр. сары май 1 шым-шым тұз Креміне: 1 құты піскен қоюландырылған сүт (вареная сгущенка) мен … Толығырақ «Ең дәмді «медовый» торты»

Жас келінге өсиет

Отбасының ұйытқысы, Қайын атаң мен қайын енең. Сыйлап жүрсең оларды, Кем болмайсың ешкімнен. Қайын енеңді күт келін, Бағады ол балаңды. Енеңнің күші өлшеусіз, Демеушің ғой табанды. Қайраты кетсе бойынан, Түртпектей берме панаңды. Мендетеді кәрілік, Қайтсе-дағы адамды. Тату бол кайын анаңмен, Ойлан, қара санаңмен. Жасы ұлғайған кіріңді, Сыйла барлық балаңмен. Қайын атаң мен енеңді, Болма келін … Толығырақ «Жас келінге өсиет»

Баланың оқуға ынтасын қалай ашуға болады?

Баланың ой-өрісін, шығармашылық қабілетін, сөздік қорын, рухани байлығын дамытуда (пайдасын тізбектей берсек, әрине көп), жалпы адам болып қалыптасуында кітаптың алар орны ерекше. Психологтар баланың кітап оқуға деген махаббатын ашуға алғашқы 9 жылында үлгеру керектігін айтады. Әрине, әрбір ата-ана (әсіресе қазір, интернет кең етек жайған заманда) баласының білімді, ақылды, көргенді азамат болып өскенін қалайды. Ол үшін … Толығырақ «Баланың оқуға ынтасын қалай ашуға болады?»

Ұйықтап жатып сөйлеудің себебі неде?

Кейбіреулердің кейде ұйықтап жатып сөйлейтін әдеті бар. Ол нені білдіреді, себебі неде? Статистика бойынша, әрбір жиырмасыншы ересек адам түсінде сөйлейді, ал балалардың әрбір екіншісі ұйықтап жатып сөйлегенді ұнатады. Сомнилоквияға (түсінде сөйлеу) бейімдік ата-анадан беріледі деп есептеледі. Алайда ғалымдар түсінде сөйлеу күндіз өткерген стресспен байланысты дейді. Яғни, адамның күндізгі көңіл-күйіне (бірнәрсені уайымдаса, қатты қуанса немесе жыласа … Толығырақ «Ұйықтап жатып сөйлеудің себебі неде?»

Бақыттың кілті жасырылған 40 аят (6-10-аяттар)

«Расында, мүміндер бір-біріне шынайы бауыр. Олай болса, (жүз шайысып, ат құйрығын кесіскен бауырларыңның арасын жарастырыңдар, сондай-ақ, (бауыр ақысына келгенде) Алладан қорқыңдар (һәм үкіміне қарсы келуден сақтаныңдар!) Міне, сонда Оның рақымына бөленерсіңдер!» («Хужурат» сүресі, 10-аят). «Уа, иман еткендер! Егер Алланың (дініне) қолдау көрсетсеңдер, Алла тағала да сендерді қолдайды һәм аяқтарыңды тайдырмай (хақ жолда) нық басқызады» («Мұхаммед» … Толығырақ «Бақыттың кілті жасырылған 40 аят (6-10-аяттар)»

Неліктен «Маша мен медведь» зиянды деп танылды?

«Маша и медведь» – кішкентай бүлдіршіндердің сүйіп көретін мульфильмдерінің бірі. Тіпті кейбір ата-аналар баласын жұбату үшін осы мультфильмді теледидардан немесе телефоннан қосып бере қояды. Ал психологтар бір қарағанда сүйкімді көрінетін Маша мен аюдың бала психологиясына едәуір зиян келтіретінін айтуда. Зияны сол – Машаның «бұзықтығы». Мульфильмде Маша аюға «айтқанын істететін» бірбеткей, тым ерке, шолжаң қыз, аюды … Толығырақ «Неліктен «Маша мен медведь» зиянды деп танылды?»

Бұл өмірде бақытты болу үшін…

Бір кісі тақуа кісіге келіп: «Менде жаныма керектің бәрі бар, дүние-мүлік, байлығым да жетеді. Бірақ… бақытсызбын», – деп шағымданады. Сонда тақуа кісі: «Саған бұл дүниеден бар керегі – қарныңды тойдыру үшін рұқсат етілген, халал тағам; әуретіңді жауып, қарапайым көрінетін Алланың шынайы құлына лайықты киім және баспана (отбасың). Бұл дүние үшін Алладан сұрайтының осы ғана болсын», … Толығырақ «Бұл өмірде бақытты болу үшін…»

Барша мүмін әйелдердің ханшайымы

Айша анамыз (р.а.): «Бірде Алла елшісінің (с.ғ.с.) барлық жұбайлары бас қосып, төрт көзіміз түгел болып Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) бірге отырғанымызда  жүрісі Алла елшісінің (с.ғ.с.) жүрісінен айнымайтын сүйікті қызы Фатима (р.а.) да келді. Ол қызын көргенде: «Қош келдің, қызым!» – деп қошеметтеп оң (немесе сол) жағына отырғызып, Фатиманың (р.а.) құлағына ақырын сыбырлады. Сол кезде сүйікті қызының көңілі … Толығырақ «Барша мүмін әйелдердің ханшайымы»

Жылдам әрі тыныш ұйықтауға көмектесетін тағамдар

Кейде балаларымыз мазасызданып, ұйқысы тыныш болмай жатады. Өзіміздің де ұйқымыз қашып, өзімізді қанша қинасақ та ұйықтай алмай әуреленетініміз бар. Ал таңертең – жұмыс (сабақ). Не істеу керек? Ондай кезде сүрелер мен дұға оқумен қатар жылдам ұйықтауға көмектесетін құрамында мелатонин (ұйқы гормоны) бар тағамдар бар: Буға піскен картоп Ақ нан Банан Бүтіндәнді нан Брокколи Сұлы Миндаль … Толығырақ «Жылдам әрі тыныш ұйықтауға көмектесетін тағамдар»

Мына 6 нәрсені балаға тек әкесі бере алады

Баланың толыққанды өсіп-жетілуінде, дамуы мен қалыптасыуында әкенің рөлі аса маңызды. Сондықтан психологтар мына 6 нәрсені балаға тек әкелері ғана бере алатынан айтады:   Әкелер анасы секілді баламен балаша «шүлдірлеп» сөйлескенді ұнатпайды. Әкесінен кәдімгі «үлкендердің» сөзін естіп өскен баланың сөйлеу әдебі жақсырақ дамиды. Әке аналар сияқты көп еркелетіп, сүюден гөрі баламен (аспанға лақтыру, күрес, жұдырықтасу т.б … Толығырақ «Мына 6 нәрсені балаға тек әкесі бере алады»