Мұндай жағдайда сіз не істейсіз?

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Егер кімде кім күнәлі нәрсе (күнә істеліп жатқанын) көрсе, оны іспен түзетуге тырыссын, егер оған күші жетпесе – сөзбен түзетсін, егер оған да күші жетпесе – онымен (күнәлі іспен, оны істеп жатқан кісімен) жүрегімен келіспесін. Алайда бұл иманның ең әлсіз көрінісі болып табылады», – деген (Муслим, иман 78).  Ал сіз, көшеде, қоғамдық орындарда, … Толығырақ «Мұндай жағдайда сіз не істейсіз?»

Күніне жетпіс рет…

Әбу Һурайра (р.а.): «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Алланың атымен ант етейін, мен күн сайын жетпіс реттен аса Алладан кешірім тілеп, Оған тәубе етемін», – деп айтқанын естідім», – деген (Бұхари, дағауат 3). Ашуланғанда ағзамыз қандай күйде болады? Интернет-сайттар қандай көңіл-күйде отырғаныңызды біле алады Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) шаш күтімі Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әйелдерге өсиеті FacebookVKTwitterMail.ru

«Заман не болып барады?» деп айту дұрыс па?

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі (с.ғ.с.): «Алла тағала: «Адам баласы: «Уа, заманның қасіреті», – деп Мені ренжітеді. Сендердің ешқайсысың: «Уа, заманның қасіреті», – деп айтушы болмасын. Өйткені Мен заманмын. Оның түні мен күнін алмастырамын, ал қаласам оларды ұстаймын», – деді, – деп айтты», – деген. Әбу Һурайра (р.а.): «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Заманды тілдемеңдер, өйткені Алла – … Толығырақ ««Заман не болып барады?» деп айту дұрыс па?»

Мұны сатушы да, сатып алушы да біліп жүрсе…

Бірде Имам Ағзамға бір сатушы әйел киім алып келеді. Имам Ағзам бағасын сұрағанда әйел жүз дирхам тұратынын айтады. Ол әйелге: «Жоқ, бұл киім одан қымбат тұрады», – дейді. Сатушы бағасын үш жүзге көтереді. Имам Ағзам тағы да бағасының жоғары тұратынын айтады. Әйел: «Уа, Имам! Сіз мені мазақ қылып тұрсыз ба?» – деп таңданады. Киімнің нақты … Толығырақ «Мұны сатушы да, сатып алушы да біліп жүрсе…»

Ақшаны жақсы көретін «бай»

Ертеде бір бай кісі болады. Алайда өзі өте жұпыны киінеді, мінерге көлігі де болмайды, өте қарапайым өмір сүреді. Тапқан табысының барлығын өзіне жұмсамай, жинай береді. Ақырында өмір бойы жинаған ақшасына медресе, мешіт, білім орындарын, жолаушыларға арнап қонақүйлер, жоқ-жітіктерге баспана салады. Жұрт кісінің бұл ісіне таңданып: «Сен ақшаны жақсы көріп, оны өзіңе де жұмсамай жинамаушы ма … Толығырақ «Ақшаны жақсы көретін «бай»»

Өлімнен басқа дерттің барлығына дауа дәрі

Әбу Һурайра (р.а.) Алла елшісінің (с.ғ.с.): «Негізінде, қара дәнде «сәмнен» басқа барлық дертке шипа бар», – дегенін жеткізген. «Сәм» деген – өлім, ал «қара дән» – қара зире. (Сахих Муслим). Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қаншама ғасыр бұрын айтып кеткен бұл өсімдіктің пайдасы қазіргі таңда дәлелденіп, ол көптеген жерде – асханадан бастап медицинаға дейін қоданылады: -асқорыту жүйесін жақсартуда … Толығырақ «Өлімнен басқа дерттің барлығына дауа дәрі»

Алдымен өзіңді сына…

Омар (р.а.) халифа болған кездерінің бірінде халықтың алдына шығып: «Уа, адамдар! Мен қателік жасасам не істейсіңдер?» – дейді. Жиналғандардың арасынан мінез-құлқы Омардың (р.а.) өзіне ұқсайтын бір кісі қылышын көрсетіп, қобалжып тұрып: «Біз сені қылышымызбен түзетеміз», – деп жауап береді. Бұл жауапты естіген Омар (р.а.) екі алақанын жайып: «Мені түзететін адамның бар болғанына Аллаға шүкір» – … Толығырақ «Алдымен өзіңді сына…»

Бұл аяттарды оқығанда сәжде жасау қажет

Әдетте, «тиләуәт» сөзін Құран оқу жайлы айтқанда қолданады. Құранда сәжде аяттарының саны 14: «Ағраф» сүресі, 206-аят «Рағыд» сүресі, 15-аят «Нахыл» сүресі, 50-аят «Исра» сүресі, 109-аят «Мәриям» сүресі, 25-аят «Хаж» сүресі, 18-аят «Фурқан» сүресі, 60-аят «Нәмл» сүресі, 25-аят «Сәжде» сүресі, 15-аят «Сад» сүресі, 24-аят «Фуссилләт» сүресі, 37-аят «Нәжм» сүресі, 62-аят «Иншиқақ» сүресі, 20-аят «Аләқ» сүресі, 19-аят … Толығырақ «Бұл аяттарды оқығанда сәжде жасау қажет»

Періштелер мұндай адамнан қашады

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Алланың қандай да бір құлы өтірік айтқан кезде оның үстінен жағымсыз иіс шығады. Сондықтан періштелер ол адамнан (бір шақырымға) алыстайды (қашады) (Тирмизи, «Бирр», 46/1972).   Өтірік айту – күнә десек, яғни періштелер күнә жасайтын адамдардан қашады деген сөз. Ал күнәларға: ғайбат, өсек айту, өзгені алдап-арбау, тәкаппарлық, күмәндану, өзге жайлы жаман ойлау, көреалмаушылық, мақтану … Толығырақ «Періштелер мұндай адамнан қашады»

Төрт жасар қария (ғибратты оқиға)

Бір қариядан жанындағы кісілер: Жасыңыз нешеде? – деп сұрайды. Ол: Төртте, – деп жауап береді. Жауапқа таңданған олар оның мәнісін түсіндіруді сұрайды. Сонда қария: Жетпіс жыл мен Алладан мына дүниеге алданып алыста болдым, алайда мен Оны таптым – міне, төрт жыл болды. Жаратушымнан қашық болған жылдарымды өмірім деп есептемеймін, – деп жауап береді. Екі сатушы … Толығырақ «Төрт жасар қария (ғибратты оқиға)»