Әбу Дардадан (р.а.) ғибраттар. Бұл сенсің! Бұл сен!

Әл-Жариридың айтуынша,  Әбу Дарданың бір жаназаға қатысыпты. Сонда бір кісі одан: «Бұл кім?, бұл кім?» деп сұрай беріпті. Сонда Әбу Дарда: «Бұл сенсің!  Бұл сен! Өйткені Алла Тағала: «Сен де өлесің, олар да өледі деген» деп жауап қайырады. FacebookVKTwitterMail.ru

Балқы Базар жырау. Батыр өлмес дер едім…

«Аянсыз» мынау жалғаннан – «Батыр өлмес» дер едім; Тақыр жерде тайласқан, Қайыңнан найза сайласқан; Қарсы келген дұшпанмен – Бурадай тісін қайрасқан; Жалғыз жүрсе, қуанған, Қолына жасыл ту алған; Найзасын қарға асынып, Алмасын қанға суарған; Құланды қақтай қайырған, Ордадан бөкенді айырған; Қаһарлы келсе, хандарды – Алтын тақтан тайдырған; Жетіде тағам бір татқан, Қысқа күнде қырық шапқан; … Толығырақ «Балқы Базар жырау. Батыр өлмес дер едім…»

Балқы Базар жырау. Шайыр өлмес дер едім…

Баянсыз мынау жалғаннан, «Шайыр өлмес» дер едім; Сайраған қызыл тіл берген, Көңіліне сонша жыр берген. Алжаспай сөзді ағытып, Есебін тауып үлгірген; Мәжілісінде жақсының – Дәурен сүріп күн көрген; Қарсы келген олармен – Ажалы жетпей, күнде өлген: Қарадос, Өске, Бұдабай, Серәлі, Сәдір, Орынбай; Татауы жоқ сөзінде: Шұбырған көштің жолындай: Ақ Кетенің ішінде, Шернияз, Шыман, Өтеген, Солардан … Толығырақ «Балқы Базар жырау. Шайыр өлмес дер едім…»

Балқы Базар жырау. Би өлмейді дер едім…

Әлеуметтер, құлақ сал, Мына бір шолақ дүниеден – «Би өлмейді» дер едім; Жұртты аузына қаратқан, Алдынан топты таратқан; Адасқан болса, жөндеген, Төресін бұра бермеген, Адамды ала көрмеген; Аруағыңа болайын, Ертеңгі атқан орыстың – Зеңбірегіндей еңіреген: Қаз дауысты Қазыбек, Төле би мен Әйтеке – Солардан да өткен сұм дүние… FacebookVKTwitterMail.ru

Балқы Базар жырау. Бай өлмейді дер едім…

Мына бір,пәни дүниеден – «Бай өлмейді» дер едім; Базар барып пұл алған, Пұлына сатып құл алған; Қара ала парша шұлғанған, Алтын менен күміске – Тірілігіне былғанған; Ауылының сыртына Қос шатырды құрғызған; Қос жетімді әшейін, Иман үшін тұрғызған; Қырым менен Қытайға Саудагерлік жүргізген; Ұлы менен қызына Қырмызы Қытай кигізген: Жылқыдан жорға теңселтіп, Жиын топқа мінгізген; Қатар … Толығырақ «Балқы Базар жырау. Бай өлмейді дер едім…»

Балқы Базар жырау. Әулие өлмес дер едім…

Мына бір, шолақ дүниеден – «Әулие өлмес» дер едім; Отқа салса,күймеген, Залымдықтың өмірі – Бір шарпуы тимеген Арамды көңілі сүймеген, Дін мұсылман баласын – Кереметпен билеген; Саһар тұрып жылаған, Хақтан медет сұраған; Ол ерлердің тағаты – Құдайына ұнаған, Солардан да өткен сұм дүние… FacebookVKTwitterMail.ru

Балқы Базар жырау. Хан өлмейді дер едім…

Әлеуметтер, құлақ сал, Мына бір,пәни дүниеден – Араңға түскен аюдай, Күйе қатты жараған, Қаңтардағы бурадай Азу тісін қайраған, «Хан өлмейді» дер едім, Көлденең жатқан жайықты Жағалай көшіп жайлаған; Қасарысқан дұшпанның Артына қолын байлаған, Алдына салып айдаған, Солардан да өткен сұм дүние… FacebookVKTwitterMail.ru