Әбу Дардадан (р.а.) ғибраттар. Жақсылық еш уақытта жоқ болмайды.

Абдуллаһ ибн Муррадан Әбу Дарданың былай дегені жеткен: «Аллаға Оны көріп тұрғандай құлшылық етіңдер. Ал өздеріңді өлі деп санаңдар. Біліп қойыңдар, сендерге жететін аз ғана нәрсе сендерді аздырып, жолдан тайдырып жіберетін көп нәрседен әлдеқайда қайырлы. Естеріңде болсын, жасалған жақсылық еш уақытта жоқ болмайды. Ал күнәлар еш уақытта ұмытылмайды» FacebookVKTwitterMail.ru

Әбу Дардадан (р.а.) ғибраттар. Бұл сенсің! Бұл сен!

Әл-Жариридың айтуынша,  Әбу Дарданың бір жаназаға қатысыпты. Сонда бір кісі одан: «Бұл кім?, бұл кім?» деп сұрай беріпті. Сонда Әбу Дарда: «Бұл сенсің!  Бұл сен! Өйткені Алла Тағала: «Сен де өлесің, олар да өледі деген» деп жауап қайырады. FacebookVKTwitterMail.ru

Балқы Базар жырау. Батыр өлмес дер едім…

«Аянсыз» мынау жалғаннан – «Батыр өлмес» дер едім; Тақыр жерде тайласқан, Қайыңнан найза сайласқан; Қарсы келген дұшпанмен – Бурадай тісін қайрасқан; Жалғыз жүрсе, қуанған, Қолына жасыл ту алған; Найзасын қарға асынып, Алмасын қанға суарған; Құланды қақтай қайырған, Ордадан бөкенді айырған; Қаһарлы келсе, хандарды – Алтын тақтан тайдырған; Жетіде тағам бір татқан, Қысқа күнде қырық шапқан; … Толығырақ «Балқы Базар жырау. Батыр өлмес дер едім…»

Балқы Базар жырау. Шайыр өлмес дер едім…

Баянсыз мынау жалғаннан, «Шайыр өлмес» дер едім; Сайраған қызыл тіл берген, Көңіліне сонша жыр берген. Алжаспай сөзді ағытып, Есебін тауып үлгірген; Мәжілісінде жақсының – Дәурен сүріп күн көрген; Қарсы келген олармен – Ажалы жетпей, күнде өлген: Қарадос, Өске, Бұдабай, Серәлі, Сәдір, Орынбай; Татауы жоқ сөзінде: Шұбырған көштің жолындай: Ақ Кетенің ішінде, Шернияз, Шыман, Өтеген, Солардан … Толығырақ «Балқы Базар жырау. Шайыр өлмес дер едім…»

Балқы Базар жырау. Би өлмейді дер едім…

Әлеуметтер, құлақ сал, Мына бір шолақ дүниеден – «Би өлмейді» дер едім; Жұртты аузына қаратқан, Алдынан топты таратқан; Адасқан болса, жөндеген, Төресін бұра бермеген, Адамды ала көрмеген; Аруағыңа болайын, Ертеңгі атқан орыстың – Зеңбірегіндей еңіреген: Қаз дауысты Қазыбек, Төле би мен Әйтеке – Солардан да өткен сұм дүние… FacebookVKTwitterMail.ru

Балқы Базар жырау. Бай өлмейді дер едім…

Мына бір,пәни дүниеден – «Бай өлмейді» дер едім; Базар барып пұл алған, Пұлына сатып құл алған; Қара ала парша шұлғанған, Алтын менен күміске – Тірілігіне былғанған; Ауылының сыртына Қос шатырды құрғызған; Қос жетімді әшейін, Иман үшін тұрғызған; Қырым менен Қытайға Саудагерлік жүргізген; Ұлы менен қызына Қырмызы Қытай кигізген: Жылқыдан жорға теңселтіп, Жиын топқа мінгізген; Қатар … Толығырақ «Балқы Базар жырау. Бай өлмейді дер едім…»

Балқы Базар жырау. Әулие өлмес дер едім…

Мына бір, шолақ дүниеден – «Әулие өлмес» дер едім; Отқа салса,күймеген, Залымдықтың өмірі – Бір шарпуы тимеген Арамды көңілі сүймеген, Дін мұсылман баласын – Кереметпен билеген; Саһар тұрып жылаған, Хақтан медет сұраған; Ол ерлердің тағаты – Құдайына ұнаған, Солардан да өткен сұм дүние… FacebookVKTwitterMail.ru

Балқы Базар жырау. Хан өлмейді дер едім…

Әлеуметтер, құлақ сал, Мына бір,пәни дүниеден – Араңға түскен аюдай, Күйе қатты жараған, Қаңтардағы бурадай Азу тісін қайраған, «Хан өлмейді» дер едім, Көлденең жатқан жайықты Жағалай көшіп жайлаған; Қасарысқан дұшпанның Артына қолын байлаған, Алдына салып айдаған, Солардан да өткен сұм дүние… FacebookVKTwitterMail.ru