Алашқа

Көк майса бетегелі жерің қайда? Күмістей толқындаған көлің қайда? Ың-жың боп жер қайысқан төрт түлікпен, Жөңкіліп, көшіп қонған елің қайда? Көтерген ақ киізге ханың қайда? Қиғаш қас, бидай өңді ханым қайда? Түнерген сыртқа айбынды іргең бүтін, Бір кезде басқа қонған бағың қайда? Қақ жарған қара қылды биің қайда? Ақ орда би түсетін уйің қайда? Салтанат … Толығырақ «Алашқа»

Абақтыда айт күні

Күзетшілер оянды ерте ақырып, Шай алуға тұтқындарды шақырып. Бейшаралар уқалай көзін жүгірді Тастаған ғой тізесін әбден батырып. Шуласып жүр айт құттықтап жиылып, Құтылсақ деп іштерінен сиынып, «Он екі айда бір келген шәриф айт күнін Өткізбек шадлықпен» деп күйініп. Ac қадірін қайдан білсін қарны тоқ? Бос адамда тұтқын үшін қайғы жоқ. Қатын-бала, дос-жарымен мәз болып, Ойнап-күліп, … Толығырақ «Абақтыда айт күні»

Міржақып өлді деген сөз

Міржақып өлді деген сөз, Ішімді өртеп кетті лез. Дірілдеп жүрек демігіп, Малынды жасқа екі көз. Қасиет тұтқан Алашым, Кеңге жайған құлашын. Намысты қолдан бермеген, Қайран да менің нағашым. Міржақып пен Ахмет Нақақтан-нақақ болды шет. Бір уақыттар болғанда Ақталар орнап әділет. Қиянат кетпес тоқтаусыз Әділ сөз қалмас құптаусыз. Күндердің күні болғанда Міржақып кетпес жоқтаусыз Файзолла  Сатыбалдыұлы … Толығырақ «Міржақып өлді деген сөз»

Еділді алса -елді алар

Еділді алса -елді алар, Енді алмаған не қалар? Жайықты алса -жанды алар, Жанды алған соң не қалар? Ойылды алса -ойды алар, Ойлашы,  сонда не қалар? Қара мауыты мұшақат Бүтін тоғай жерді алар. Жаз кіреге жақсы деп, Дулығалы нарды алар, Қыс кіреге жақсы деп, Шудасы қалың айырды алар. Сусынына шай алар, Шайнауына май алар. Қазтуған жырау … Толығырақ «Еділді алса -елді алар»

Арғымақ атта сын болмас

Арғымақ атта сын болмас, Қиған қамыс құлақсыз. Азаматта сын болмас, Арты болса тұяқсыз. Айдын көлде сын болмас, Жағасы болса құрақсыз. Асқар тауда сын болмас, Бауыры болса бұлақсыз. Ақ киікте сын болмас, Арты болсалақсыз. Жеті арнада сын болмас, Аяғы болса тұрақсыз. Абыл ақын   FacebookVKTwitterMail.ru

Адамдық диқаншысы

Адамдық диқаншысы қырға шықтым, Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым. Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім, Көңілін көгертуге құл халықтың. Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет, Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет. Оттай бер, жануарым екі аяқты, Адамдық хайуанға қанша қажет?! Жаратқан малды Құдай не керекке – Мінуге, сою, соғу, жүндемекке. Жорта бер қамыт киіп, қамшыңды жеп, Бұйрық … Толығырақ «Адамдық диқаншысы»

ЖҰРТЫМА

Бірлік қып іс етуге шорқақ, жұртым! Табылса оңай олжа ортақ, жұртым! Сияқты қара қарға шуылдаған Үрейсіз қоян жүрек қорқақ, жұртым! Білмейсің жөнің менен терісіңді, Ел болып іс етпейсің келісімді. Үміт қып бәйге атындай талай қосып, Байқадың шабыс түгіл, желісіңді. Жөн айтқан жұртшылыққа адам болса, Шығасың қолыңа ала керісіңді. Бытырап бет-бетіңе жөнелгенде, Көрдік қой жайылатын өрісіңді. … Толығырақ «ЖҰРТЫМА»

Зарлаудан, сарнау не пайда?

Асқар таудың сәні жоқ, Төрт түліктің қонысы, Басылмайтын сонысы, Көк майса белі болмаса; Өзен, судың сәні жоқ, Өрлеп құнай қонатын, Жағасы малға толатын, Аймақты елі болмаса, Қопалы жердің сәні жоқ, Тұңғиық мөлдір үйірім, Көз болжамас қиырын, Айдын көлі болмаса. Ақ ауылдың сәні жоқ, Топталып жылқы үйездеп, Ноқталы құлын күйездеп, Тартқан желі болмаса, Шешендіктің сәні жоқ, … Толығырақ «Зарлаудан, сарнау не пайда?»

Төле бидің Күлтөбеде айтқан аталы сөзі

1740 жылы жоңғар қалмақ билеушісі Қалдан Цереннің қолшоқпарлары Ұлы жүздің ханы Жолбарысты өлтіреді. Төле би бастаған ел Ташкенттен қуылады. Жау жағы Ташкентке Қоқым манапты әкімдікке тағайындайды. Бұл кезде Сыр бойы қалаларының біразы жоңғарлардың қоластында қалады. Осы тұста Күлтөбенің басында үлкен жиын ашылып, оған ел басшылары түгел жиналады. Сонда Қарабек батыр: – Жауға тізе бүгуден басқа … Толығырақ «Төле бидің Күлтөбеде айтқан аталы сөзі»

Жиренше шешен адам жастары туралы

Он бес жас – құйын қуған желмен тең, жиырма жас – дауыл ұрған көлмен тең, отыз бес – ағып жатқан селмен тең, қырық бес – аю аспас белмен тең, жетпіс бесте – өр көңілің жермен тең. Сексенде – селкілдеген шал боларсың, тоқсанда – сексенге де зар боларсың, жүзге келсең – дүние қызығынан күдеріңді үз: өлмей … Толығырақ «Жиренше шешен адам жастары туралы»