Жақсының жақсылығы сол болар

Жақсының жақсылығы сол болар – Жаманменен бас қосып, Сөйлемекке ар етер; Жаманның жамандығы сол болар – Сөйлесе, дәйім бетін қара етер; Бір жақсыға басың қосып сөз айтсаң, Сол жаман сырың сақламай, Әрдайым дұшпаныңа әр ісіңді қор етер. Шалкиіз жырау Ауырғанда оқылатын дұға Дәрігерлер неліктен ақ түсті халат киеді? Мидың жұмысын жақсартатын тағамдар Мидың жұмысын жақсартудың … Толығырақ «Жақсының жақсылығы сол болар»

Жас келінге өсиет

Отбасының ұйытқысы, Қайын атаң мен қайын енең. Сыйлап жүрсең оларды, Кем болмайсың ешкімнен. Қайын енеңді күт келін, Бағады ол балаңды. Енеңнің күші өлшеусіз, Демеушің ғой табанды. Қайраты кетсе бойынан, Түртпектей берме панаңды. Мендетеді кәрілік, Қайтсе-дағы адамды. Тату бол кайын анаңмен, Ойлан, қара санаңмен. Жасы ұлғайған кіріңді, Сыйла барлық балаңмен. Қайын атаң мен енеңді, Болма келін … Толығырақ «Жас келінге өсиет»

Қызық өмір

Қалтарыс, бұлтарысы мың сан қабат Қызық өмір, ақырын тұрсаң қарап. Біреулердің еңбегі еш, тұзы cop боп Біреулердің бақыты жүр сорғалап. Қызық өмір, кім білсін, сонысымен, Аласы мен құласы, торысымен. Тағдыр түрлі болғанмен өмір біреу Ұнатамын өмірді сол үшін мен. Ұнайды өмір ынтымақ, күресімен, Құр қалмайды ешкім де үлесінен. Өліп-талып жеткенде бақытына, Шорт үзіліп, кей тағдыр … Толығырақ «Қызық өмір»

Сары аязда қата ма Қайнардың аққан тұнығы?

Сары аязда қата ма Қайнардың аққан тұнығы? Қап түбінде жата ма Болаттың асыл сынығы? Халқың тозып, кем болмас, Әділ болса ұлығы. Рақымсыз жақыннан Халқы қатты түңілер. Сырқат болсаң жат жерде, Жаныңа кім үңілер?! Әділ туған жақсыға Екі даугер жүгінер, Тізесін қисық бұрмаса, Асылдығы білінер. Ақтамберді жырау Сабыр, сабыр, әй, достым, ашуланба… Төле бидің Күлтөбеде айтқан … Толығырақ «Сары аязда қата ма Қайнардың аққан тұнығы?»

Сабыр, сабыр, әй, достым, ашуланба…

Сабыр, сабыр, әй, достым, ашуланба, Төрт тентегің «құтыңды қашырғанға»! Бұл өмірде баладан асыл бар ма, Сабыр, сабыр, әй, достым, ашуланба! Шектелмесін ашумен бар амалың, Жарылмасын, сабыр ет, қағанағың. Молшылық қой әзірше, заман тыныш, Орындай сал балаңның қалағанын. Белдігінді несіне шешіп алдың? Таста әрі, балалардың есін алдың. Қара борбай шағыңды ұмыттың ба? Қырықыншы жылдарды есіңе алғын. … Толығырақ «Сабыр, сабыр, әй, достым, ашуланба…»

Жақсы мен жаман адамның қасиеттері

Жақсы жігіт ел – жұртының қаласындай, Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай. Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ, Көреді бәрін де өз баласындай. Жақсы жігіт сөзіне сақ тұрады, Қыранның қырдан байқар баласындай. Жаман парқы жақсымен бірдей емес, Жақсы жігіт елінің ағасындай. Жақсының сөзін әркім пайдаланар, Миуалы алма, өріктің ағашындай. Жаманның көкірегі – көр, көзі – соқыр, Жүрер … Толығырақ «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері»

«Алтын көрсе, періште жолдан таяды» дейді…

Біздің қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар. Әуелі «Жарлы болсаң, арлы болма» дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүрген құрысын. Егер онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпенен мал тап деген сөз болса, ол – ар кететұғын іс емес. Тыныш жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей, … Толығырақ ««Алтын көрсе, періште жолдан таяды» дейді…»

CD/DVD полиграфия. Бұл не?

СД үшін полиграфия дизайны өте маңызды, себебі ол дискті безендіріп, әсемдеп қана қоймай, мазмұнды, белгілі бір мағыналық салмаққа ие болуы тиіс. Дисктің сыртқы көрінісіне қарап әрдайым ішкі мазмұнын біле алмаймыз. Сондықтан ішкі және сыртқы қағазы жеке бір сәттерді анықтау үшін қолданылады. СД ге полиграфия ең алдымен имидждік мақсатқа ие. Біз осындай қаптама жасауға көмектесеміз. +7(777) … Толығырақ «CD/DVD полиграфия. Бұл не?»

Ұяттың 2 түрі жайлы

…Шын ұят сондай нәрсе, шариғатқа теріс, я ақылға теріс, я абиұрлы бойға теріс бір іс себепті болады. Мұндай ұят екі түрлі болады. Біреуі – ондай қылық өзіңнен шықпай-ақ, бір бөтен адамнан шыққанын көргенде, сен ұялып кетесің. Мұның себебі сол ұят істі қылған адамды есіркегендіктен болады. «Япырым-ай, мына байғұсқа не болады, енді мұның өзі не болады» дегендей, … Толығырақ «Ұяттың 2 түрі жайлы»

Аяусыз жаным, мен бір кұрбан лағың

…Аяусыз жаным, мен бір кұрбан лағың, Болса алуға, қаным себеп, мұрадың. Болайын сүйінші: жұлдызы жанып бақыттың, Сен көркейді деп естісе құлағым. Азуды қайрап, бармақты шайнап өтті күн, Ғылымды іздер, алысты көздер жетті күн. Ақсақал артқа, жастар тартса салтқа. Әперер жұртқа кекті кім? Міржақып Дулатов FacebookVKTwitterMail.ru