Бұл қиындық та өтеді…

20

Бірде данышпанға бір кісі келіп:

– Мен бақытсыз жанмын. Осы қиыншылық деген менің-ақ басымнан арылмай қойды ғой. Жұмысымнан шығып кеттім, әйелім болса ауырып жатыр. Енді не істерімді білмеймін, – деп өмірге деген өкпесін айтады.

– Бұл мәселенің бір шешімі бар, – дейді данышпан. Көп ақ қағаздарды аласың да оларға «бұл қиындық та өтеді» деп жазып, үйіңдегі барлық бөлмелерге іліп қоясың. Кісі рахметін айтып үйіне қайтады.

Арада бірнеше уақыт өткен соң әлгі кісі данышпанға қайта келеді де:

– Менің сізге айтар алғысым шексіз. Аллаға шүкір, қазір бәрі де жақсы. Сұрайын дегенім, әлгі бөлмелерге ілінген қағаздарды алып тастай салсам болатын шығар? – деп сұрайды.

Сонда данышпан:

– Алып тастауға? Жоқ, әзірге тұра берсін, – деп жауап береді.

8 пікір

    1. «Бұл қиындық та өтеді» деген жазуы бар қағазды барлық бөлмеге іліуінің себебі – кісі қай бөлмеге кірсе де сол жазуды көреді де бұл қиындықтарының уақытша екенін, оның да өтетінін өз-өзіне айтып, сабырлылық танытады, өзін-өзі жұбатады. Шынында да, Алла тағала пендесіне қиындықтарды сынақ үшін жібереді.

    2. Мағынасы өте мол, айқын өзгеріс…
      Анау жартасқа өрмелеген альпинист өзіне деген сенімі мол, себебі ол Алладан «маған төзім мен күш бер» деп іштей тілеуде.

  1. Сынак деп жазамыз, бирак орыстар айтпакшы оз омиринди озин сызасын демекши, кейде адамдар оз кунасынан да ауырпалык жук аркалайды.

  2. Коп адамдар оздери кинали бар нарсеге. Оздерин актау ушин омири бар нарседен кинарат издеп, аркимге кина тагып журеди. Бар нарсеге сабырмен Аллага тауба деу керек.

  3. Бір кісі Пайғамбарымыз сғс ға менің қызымды ал ,ол ауырмаған- деп,айтқанында Ала -алмайын деген екен.

Ағжан-ға пікір жазу Жауапты болдырмау

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз