Букмекерлік кеңсеге ақша тігу дұрыс па?

600

Қазіргі таңда футболдан әлем чемпионаты болып жатқаны мәлім. Соған орай барлық жерде букмекерлік кеңселердің дәурені қызып жатыр. Футбол десе ішкен асын жерге қоятын фанаттар бәстесіп ақша тігіп, бірі ақшасын еселесе, енді бірі тапқан табысынан әп-сәтте айырылуда. Осы тұрғыда сол сүйікті футбол командаларына ақша тігу дұрыс па деген сұрақ туындайды.

Негізінен, букмекерлік кеңселер құмар ойындарына жатады. Ал дініміз құмар ойындарына тыйым салған. Мысалы сіз ақша тігіп айтқаныңыз келіп, ұттыңыз делік. Ұтқан ақшаңыз сіз еңбектеніп, тер төкпей-ақ өзінен-өзі келді. Яғни, адал жолмен табыс таппадыңыз. Ал жеңіліп қалсам ше? дейтін боларсыз. Ал ақшаңызды тігіп, жеңіліп қалсаңыз ысырап жасадыңыз деген сөз. Отбасыңыздан, бала-шағаңыздың несібесінен жырып өз қалауыңызға ерік бердіңіз.

Осы жайлы Қасиетті Құранда: «Арақ, құмар ойнау арқылы шайтан сендердің араларыңа дұшпандық-ғадауат тудырады, сендердің намаз оқуларыңа кедергі жасамақ болады. Тәңірді естеріңнен шығаруға тырысады. Арақ пен құмар ойнаудан сонда да безбейсіңдер ме?» делінген Мәида« сүресі, 91аят).

Бұл – футболды мүлде көрмеу керек, спортты ұнатпау керек деген сөз емес. Салауатты өмір салтын ұстанып, спортқа жақын болған, әрине, дұрыс. Тек өзімізге, өзгелерге зиян келтірмеуіміз, уақытымызды, табысымызды ысырап етпегеніміз жөн.

 

Германия тазалығының сыры неде? Біле жүріңіз!

Телефонды қасыңызға алып жатпаңыз, өйткені…

Сағыз: «пайдалы» ма, зиян ба?

Денсаулықты сақтаудың сүннеттегі 5 қағидасы

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз