Бұйырылған және тыйым салынған 7 нәрсе

237

Әл-Бара ибн Азиб (р.а.): «Алла елшісі (с.ғ.с.) бізге жеті нәрсені бұйырып, жеті нәрседен тыйды. Бізге бұйырғандары:

– науқастың көңілін сұрау;

– жаназаға қатысу;

– түшкіргенге «йәрхамукаллаһу» (Алла сені мейіріміне бөлесін) деп айту;

– айтқанын істету үшін немесе бір нәрсе сұрап ант-су ішкен адамның анты бұзылмасын деп айтқанына көну;

– зорлық-зомбылық көргенге қолдау көрсету;

– шақырған жерден қалмау және

– өзара амандасуды кеңінен жаю.

Сондай-ақ, алтын жүзік тағудан, күміс ыдыс қолданудан, жібекпен тысталған төсеніш қолоданудан, жібек пен зығыр аралас матадан және харир, дүрия, қамқа түріндегі жібек маталардан тігілген киімдерді киюден тыйды», – деп айтты», – деген

(Бұхари, жәнәиз 2; либәс 3).

      

       Бұл хадисте мұсылмандардың қолдануына тыйым салынған алтын жүзік пен жібектен тігілген киімдер ер адамдарға ғана қатысты айтылған.

1 пікір

  1. Ассаламу’алайкум мусылман кауым. Дурыс жылына бирак рет амандасканша кунде амандасу керек.
    Тушкирген адамга емес ауели тушкирген адам Алхамдулиллах ягни Аллахка шукир деп айту керек содан кейин ол киси ге дуга айтыла ды егер ештене айтпай тек тушкире салса ештене айтпау керекпиз.

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз