Бүйрегімізді құртатын әдеттеріміз

580

Бүйрек – біздің ең маңызды әрі ең нәзік ағзаларымыздың бірі. Алайда кейбір жаман әдеттер бүйрегімізге зиян келтіретінін біле бермеуіміз мүмкін. Ол қандай әдеттер?

  1. Газдалған, тәтті сусындарды көп ішу;
  2. Ішімдік, темекіге әуестік;
  3. Ұйқының тұрақсыздығы;
  4. Суды қажетті мөлшерінен (күніне 2 л) аз ішу;
  5. Тұзды, ащы, майлы тағамдарды көп жеу;
  6. Шай, кофе сияқты кофеині көп сусындарды жиі қолдану;
  7. Дәрі-дәрмектерді (бас ауру, ауруды басатын) көп тұтыну;
  8. Қозғалыстың аздығы;
  9. В 6 дәруменінің жетіспеуі. Бүйректін қалыпты жұмысы үшін күніне В 6 дәруменінің 1,3 мг.ы қажет. Оны балық, жасыл бұршақ, сиыр бауыры, картоп, цитрусты емес жемістердің құрамынан таба аламыз;
  10. Белоктың тым көптігі. Ол ет, құс еті, ірімшік, жұмыртқа, түрлі бұршақтар, жармалар, жаңғақтарда өте көп. Сондықтан бұл тағамдарды мөлшерден тыс жеуге болмайды.

Бауырды тазартып, артық майлардан арылтатын 3 сусын

Ашқарынға жеуге болмайтын тағамдар

Дискотека, құлаққап: зияны қандай?

Адам мен құрма «туысқан»

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз