Бүгін Миғраж түні. Оны қалай өткізген дұрыс?

362

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Исра және Миғраж оқиғасын 621 жылы Режеп айының 26-сынан 27-сіне қараған түні, дүйсенбіде басынан өткерді. Бұл Меккеден Мединеге һижрет етуден 18 ай бұрынғы оқиға. Кейінірек жыл сайын бұл түнді шын иман-ықылас және қосымша нәпіл ғибадаттармен өткізу мұсылмандар үшін дәстүрге айналды.
Миғраж түнінде пайғамбарымыз хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) Меккедегі әл-Харам мешітінен Құддыстағы (Иерусалим) әл-Ақса мешітіне бір сәтте исра жасады. (Түнгі сапар арабтарда «исра” деп аталады). Одан миғражға – жеті қат көкке көтеріліп, дүниеден өткен барлық пайғамбарлармен кездесті, үнемі құлшылықта жүретін періштелермен жолықты. Құдіретті Жаратушымыздың түрлі белгі – аяттарын көріп, Онымен тілдесті. Бес уақыт намаз осы түнде парыз етілді.

Бұл түні не істеу керек?

 

  1. Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) көптеп салауат айту.
  2. Жасаған қателіктеріміз бен күнәларымыз үшін Жаратушы Алладан кешірім тілеу.
  3. Намаз оқу.

Намазды жамағатпен оқыған және өткізіп алған намаздардың орнын толтырған дұрыс.

Әнас бин Мәлик (р.а.) риуаят еткен хадисте Алла елшісі (с.ғ.с.) былай деген:

«Рәжәб айында еркше бір түн бар. Ол – айдың 27-түні. Бұл түні құлшылық қылған адамның алар сауабы 100 жыл құлшылық қылған адамның алатын сауабымен тең. Кімде-кім 12 рәкат намаз оқып, Фатихадан соң бір сүре оқып, әрбір екінші рәкаттан соң сәлем беріп, 100 рет мына дұғаны: «субханаллаһ, уәлхамдулиллах уә лә иләһә иллә Алла, аллаху әкбар» оқып, 100 рет «астағфирулла» деп, соңынан: «ассаләту уәс сәләму әлләйкә йә Расуллаллаһ» деп салауат айтып, өмірі мен жұмысына береке сұрап, сол күні күндіз ораза тұтса, Алла оның күнәларын кешіреді» (Байһақи, шұғаб, сиям: 3811; 3/374).

  1. Құран оқу.
  2. Қайтыс болған кісілерді зиярат етіп, олар үшін дұға ету.
  3. Мұқтаж жандарға көмек көрсету.
  4. Бұл түннің қасиеті мен маңыздылығы жайлы жақындарға, достар мен балаларыңызға айту артықтық етпейді.

Айта кететін бір жәйт, барлық ғибадаттарды, дұғаларды шын ниетпен, ықыласпен орындаған дұрыс.

 

1 пікір

  1. Біліп жүретін игі амалдар екен еншаллах адамрарға сауаптар болынан болғай жүректерге иман берсін

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз