Біреу сізге ауыр сөз айтса…

354

Бір кісі көшеде келе жатып бір жігіттің егде жастағы кісіге ауыр сөздер айтып, кемсітіп жатқанын көріп қалады. Жақындап барып «қой, мұның дұрыс емес» деп айтқаны сол-ақ екен, жігіт мұны да балағаттап, кері бұрылып кете барады. Кісі жігіттің бұл ісі үшін сазайын бермек болып артынан ұмтылып еді, қария: «Балам, қажеті жоқ» деп күлімсіреп тұр. Кісі ашуланып: «Ата, ол сізге де, маған да ауыр сөздер айтты, қалайша түк болмағандай күліп тұрсыз?» дейді. Сонда қария жымиып: «Менімен жүр» дейді. Екеуі жақын маңдағы қарияның үйіне келеді. Қарт сандықтың түбінен ескі, жыртық, киюге жарамсыз бір жейдені алып шығады да:

– Мынаны киіп көрші, – дейді. Кісі таңданып:

– Не үшін? Оны киіп неғылам? – дейді.

Сонда қария:

– Көрдің бе, сен кір, жыртық киімді кигің келмейді. Сол сияқты мен де әлгі жігіттің маған айтқан лас сөздерін өзіме жапсырғым келмейді, – деп жауап береді.

 

Міне, сондықтан біреу сізге ауыр сөз айтып, ренжітіп жатса дереу дәл солай жауап қатуға дайын тұрмау керек. Оның айтқандарына мән бермей, сабырлылық танытқан дұрыс.

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз