«Биеқысырамас» деген не екенін білесіз бе?

430

Жаңа түскен келіннің беті ашылғаннан кейін енесі келіп, келіннің бетінен тағы сүйіп, жақсы тілек тілеп, сол жерде отырған адамдардың ортасына «биелерің қысырамасын» деп ақ мата тастайды. Бұл «биеқысырамас» деген кәде. Әйелдер бұл матаны жыртып, бөліп алып үйлеріндегі сабаның аузына «бием қысыр қалмасын», «Бисмиллә» деп байлайды. Бұл кәде бәріне де жетуі керек. Жетпей қалғандардың өкпелеуге хақы бар. Бұл кәденің түп төркінінде келіннің нәрестелі болуына жол ашу тілегі де жатса керек.

 

(С. Кенжеахметұлы. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары)

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз