Бауырларды байытқан бидай

224

Ағалы-інілі екі жігіт болады. Үлкені үйлі-баранды, бала-шағасы көп, ал інісі бойдақ. Әке-шешелері дүниеден қайтқан соң екеуі екі бөлек тұруды шешіп, бар нәрсені теңдей бөлісіп, кішісіне үй салады. Олардың үйлерін ортада тұрған екі ұра (қамба) ғана бөліп тұрады. Бір қамбада ағасының, біреуінде інісінің бидайы сақталады.

Күн сайын ағасы, түнгі намаздан соң ұраға келіп өзінің бидайынан інісінің бидайына қосып қояды екен. – Алла маған адал жар мен балаларымды нәсіп етті. Ал інім жалғыз. Раббымыз көршілерге қол ұшын беруді бұйырды. Ал менің көршім адал әрі бауырым болса, неге көмектеспейін? Алланың берген ризық-несібесіне шүкіршілік етемін, – деп ойлайды.

Таңертең інісі де білдірмей өзінің бидайынан ағасының бидайына қосып қояды. – Мен жалғызбын, маған көп қажет те емес. Ал ағамның отбасы, шиеттей бала-шағасы бар, менен гөрі тамақ оларға көбірек керек. Раббымыз көршілерге қол ұшын беруді бұйырды. Ал менің көршім адал әрі бауырым болса, неге көмектеспейін? Алланың берген ризық-несібесіне шүкіршілік етемін, – деп ойлайды.

Алла тағала бауырлардың бұл ісіне оларды байытып, несібелерін еселей түседі.

Шынында, Алла жақсылық жасаушыларды жақсы көреді. Қасиетті Құранда бұл жайлы: «Жақсылық жасаңдар, сонда нағыз жетістікке жетесіңдер (яғни, ол дүниеде тозақ азабынан құтылып, шексіз нығметке бөленесіңдер)», – делінген («Хаж» сүресі, 77-аят).

1 пікір

  1. мешіт көбейгенімен қоғам азып барады, оған тосқауыл болатын діндәрларымыздың қауқары жоқ, байлардың қолтығына кіріп, әкімдердің ,шенеуніктердің ығында кетті.Дүниеге таласып туған бауырлар соттасып жатса ,арзымайтын ақшаға адамды да өлтіріп кетуде.Халықтың көзі ашық, көріп отыр бар жағдайды.Сондықтан діндәрлардың өздері тазармай ,коррупциядан арылмай, қоғам қанша айтсаң да жөнделмейтіні анық. Сөз бен амал сәйкестенбей қоғам оңалмайды

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз