Басшыға бағыну керек пе?

258

«Уа, иман еткендер! Аллаға бойсұныңдар, сондай-ақ, өздеріңнен (яғни, мұсылман) болған басшыларыңа бағыныңдар» («Ниса» сүресі, 59-аят).

Ибн Омардан (р.а.) жеткен хадисте:

«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мұсылманға бұйрық ұнасын-ұнамасын, егер ол іске күнә араласпаса, басшысының айтқанына құлақ асып, мойынсұнуы міндет. Ал, егер (басшысы) оны күнәлі іске итермелесе, ондай жағдайда мойынсұнуға болмайды», – деп айтты – делінген (Бұхари, ахкәм 4/жиһад 108; Муслим, имара 38).

Әнас (р.а.) жеткізген хадисте:

«Алла елшісі (с.ғ.с.): «Сендерге басшы болып, басы мейіз секілді (яғни, басы кішкентай, қап-қара, бұйра-бұйра) эфиопиялық құл тағайындалса да, дегеніне құлақ асып, толық бойсұныңдар», – деп айтты – делінген (Бұхари, ахкәм 4).

Әбу Һурайра (р.а.):

«Алла елшісі (с.ғ.с.): «Сенің міндетің жоқшылықта әрі молшылықта, қуанышты әрі көңілсіз болған шақтарыңда, сондай-ақ биліктегілердің шешімімен басқаларға (дүние-мүлік, дәреже-мансап немесе атақ-даңқ) беріліп, сен құр қалған жағдайда да (басшыларға) бойсұну», – деп айтты», – деген (Муслим, имара 35).

Ибн Аббас (р.а.):

«Алла елшісі (с.ғ.с.): «Кімде-кім басшысының қандай да бір іс-әрекетін ұнатпаса, сабырлылық танытсын, өйткені басшыға бойсұнудан бір сүйем болса да алыстаған жан жаһилият дәуірінде (яғни, Исламға дейінгі надандық дәуірінде) көз жұмған адаммен бірдей болады», – деп айтты», – деген (Бұхари, фитән 2; Муслим, имара 56).

1 пікір

  1. Әбү Бакр сыддық пен Омар әл-Хаттабтың қылышпен түзейміз дегенге разы болғандары жәйлі неге айтпайсыздар?

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз