Барлық жамандықтан қорғайтын сүрелер

920

Ғұқба ибн Әмір (Алла оған разы болсын): Алла елшісі (с.ғ.с.): «Осы түні түсірілген аяттар (сияқты) бұрын ешқашан болмаған: «(Мұхаммед!) Таңның Раббысынан пана сұраймын», – де! және «(Мұхаммед!) Адамдардың  Раббысынан пана сұраймын», – де!», – деді», – деген (Сахих Муслим).

 Яғни, «Фәләқ» және «Нәс» сүрелері:

«(Оларға) айт: Таң шапағының Раббысына сақтай гөр деп сыйынамын;

Өзі жаратқан күллі жаратылыстың кесірінен;

жер бетін қаптаған қараңғы түннің кесірінен;

түйіншектерге үрлеп, дуалайтын дуашылардың (дуашы әйелдердің) кесірінен;

сондай-ақ күндеген кездегі күншілдердің кесірінен (сақтай гөр деп сыйынамын)».

«(Оларға) айт: Сақтай гөр деп сыйынамын адамдардың Раббысына, адамдардың Иесіне, адамдардың Тәңіріне, әзәзіл шайтанның кесірінен, адамдардың көкірегіне уәсуәсә салатын (әзәзіл шайтанның кесірінен сақтай гөр деп сыйынамын деп айт), (Ондай әзәзіл шайтан) жыннан да, адамдардан да (шығады)».

Исламдағы ата-ананың рөлі

Әйеліңіздің мінезі нашар болса не істеу керек?

Бұл қиындық та өтеді…

Әбу Дардадан (р.а.) ғибраттар . Жақсы күнде Аллаға жалбарын!

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз