Барлық әйелдерге арналады

809

Үмму Сәләма (р.а.) Алла елшісінен (с.ғ.с.): «Маған (балаларымды мынадай-мынадай қиын жағдайларға қалдырмай) оларға жасағандарым үшін сый беріле ме?» – деп сұрайды. Алла елшісі (с.ғ.с.): «Иә, сені оларға жасағандарың үшін сый күтіп тұр» деп жауап береді (Бұхари, Муслим).

Міне, бұл жауап – балаларын дүниеге әкеліп, жыласа әлдилеп, қарны ашса, тамағын беріп, киімін кірлетіп қойса, оны жуып, ауырып қалса, бәйек болып,  шырылдап, ұйқысы келгенде әлдиін айтып, ұйықтатып, ол оянғанша ас-ауқатын даярлап қоятын барлық аналардың ерен еңбегінің нағыз жемісін көртіндігінің айғағы. Яғни, әйел адамның отбасына жасаған әрбір ісі үшін де (ыдыс жуу, ас дайындау, үй тазалау т.б) мейірімі шексіз Алла тағаланың разылығына бөленеді деп түсінгеніміз жөн.

Біздің қай ісіміз Аллаға ұнамды?

Әбу Дардадан (р.а.) ғибраттар . Жақсы күнде Аллаға жалбарын!

Әбу Дардадан (р.а.) ғибраттар. Жақсылық еш уақытта жоқ болмайды.

Әбу Дардадан (р.а.) ғибраттар. Бұл сенсің! Бұл сен!

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз