Бәрі жақсы болады, егер…

283

Бір данышпан өзінің баласына:
– Мына бөлмеге жақсылап қара да, барлық қоңыр түсті заттарды есіңде сақта, -дейді.
Содан соң:
– Енді көзіңді жұмып, маған көк түсті заттарды атап шық, – дейді.
Сонда баласы таңданып:
– Мен көк түсті заттарды байқамадым, тек қоңыр түстілер есімде қалды, – дейді. Данышпан баласына:
– Көзіңді аш та қарашы, мұнда көк түсті заттар қаншама?!
Содан соң сөзін жалғап:
– Бұл мысалмен мен саған мынаны айтқым келеді, балам: егер сен өмірде тек қоңыр түсті нәрселерді, яғни тек жаман жағын іздесең, сен тек соларды ғана көресің. Жақсы нәрселер болса да, оларды байқамайсың. Егер алдан тек жақсы нәрселерді күтсең – олар міндетті түрде орындалады. Ал егер тек жаман нәрселерді ойлап, уайымға салына берсең сен ол жамандықтарды өзіңе тартып аласың. Қандай да бір қиын жағдайға тап болғанда жақсылықтан үмітіңді үзбей, алдағы күндерден тек жақсы нәрселерді күтсең ғана барлығы да жақсы болады, есіңде болсын, – дейді.

 

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз