Бақ-береке мен бақытқа толы үй қандай болады?

28

Үйіміз – біздің тынығатын, өзімізді жылы, жайлы сезінетін орнымыз. Халқымыз жай ғана үй деп емес, «қара шаңырақ», «отан», ошақ деп киелі санаған. Сондықтан үйде реніш, ұрыс-керіс пен теріс әрекеттерге орын жоқ. Үйдегі тыныштық отбасы мүшелерінің әрқайсысының қолында. Бақыт өздігінен келмейді. Гүлді де суарып, күтіп-баптамасаң, солып қалатыны секілді, отбасыға да тер төгіп, махаббат пен мейірім сыйламасаң, ол да бір күні күйреп, отбасы болудан қалады. Ошақ сөнеді. Ендеше, бақытты отбасы қандай болуы тиіс? Ол үйде Құран оқылып, Алла туралы айтылады, балалардың күлкісі естіледі… Ал мұның барлығына ер адам да, әйел адам да атсалысуы тиіс. «Мынаны істеймін, мынаны жасамаймын, бұл менің міндетім емес» демей, отбасындағы әрбір адам бақытты болуға, өзгелерді бақытты етуге бар күшін салуы тиіс. Отбасының амандығын тілеп, оны бақ-береке мен бақытқа толтыруын сұрап дұға еткен дұрыс. Ал мейірімі шексіз Алла шын ниетпен жасалған дұғаны қайтармайтыны анық. Ендеше, Алла әрбіріңіздің отбасыңызды бақыт пен шаттыққа толтырсын!

2 пікір

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз