Балқы Базар жырау. Батыр өлмес дер едім…

32

«Аянсыз» мынау жалғаннан –
«Батыр өлмес» дер едім;
Тақыр жерде тайласқан,
Қайыңнан найза сайласқан;
Қарсы келген дұшпанмен –
Бурадай тісін қайрасқан;
Жалғыз жүрсе, қуанған,
Қолына жасыл ту алған;
Найзасын қарға асынып,
Алмасын қанға суарған;
Құланды қақтай қайырған,
Ордадан бөкенді айырған;
Қаһарлы келсе, хандарды –
Алтын тақтан тайдырған;
Жетіде тағам бір татқан,
Қысқа күнде қырық шапқан;
Жанқожа, Есет, Қыстаубай,
Қасым, Сейіл, Бұқарбай,
Малайсары, Жантайлақ,
Сәмет батыр, Тоғанас –
Солардан да өткен сұм дүние…

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз