Баланы дұрыс тәрбиелеудің 5 қағидасы

301

Бірде сахабалардың бірі Рәфи бин Әмір бала күнінде бір кісінің құрма бақшасына түсіп, оларды таспен ұрып жатқанда оны бақшаның иесі ұстап алады. Жазалау үшін Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) алып келеді. Алла елшісі (с.ғ.с.) баладан:

– Балам, сен неге жемістерге тас лақтырдың? – деп сұрайды. Бала:

– Менің қарным аш болғандықтан оларды таспен ұрып түсіріп, жегім келді, – дейді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

– Енді ешқашан бұлай жасаушы болма, тек жерге түскендерін ғана же, – дейді де баланың басынан сипап тұрып: «Я, Раббым, мына баланы тойдыр!» – деп дұға етеді (Тирмизи, «Буйю» 54; Ибн Мәжә, «Тижәра» 67).

Бұл хадис балаларға Пайғамбарымыздай (с.ғ.с.) қарым-қатынас жасауда, оларды дұрыс тәрбиелей білуде мына бес қағиданы ұстануымыз керектігін ұқтырады:

  1. Балаға мейірімділік пен қамқорлықпен қарау.
  2. Балаларды түсіне білу мен олардың жан-дүниесіне ене білу.
  3. Қателік жасап қойса, ол нәрсенің дұрыс емес екенін жұмсақтықпен түсіндіру.
  4. Олар үшін дұға ету.
  5. Физикалық тұрғыдан да мейірімділік таныту (басынан сипау, құшақтау, сүю т.б.)

Сұрақ – жауап:
Денсаулықты сақтаудың сүннеттегі 5 қағидасы
Неліктен оң жақпен жатқан дұрыс?
Күн сайын орындауымыз тиіс 12 сүннет
Жанарыңызды сақтағыңыз келсе…   
Азан дауысын естігенде не істеу керек?

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз