Бай және кедей

97

Бір қалада ең бай деген отбасы мен ең кедей деген отбасы көрші тұрады. Алла оларды сынамақ болып кедей кейпіндегі періштені жібереді. Періште алдымен кедейдің үйіне келіп:

– Мен жолаушы едім, көмектесіңізші, – деп алақанын жаяды. Кедей екі күміс ақшаны беріп жатып:

– Рас айтам, егер менде болса, көбірек берер едім, бұл соңғы ақшам, – деп ақталады.

– Сен маған көмектестің, рахмет. Алла разы болсын, – деп періште байдың үйіне беттейді. Байдан ақша сұрағанда ол:

– Осы тіленшілерден-ақ құтыла алмай қойдық қой, келеді де тұрады, келеді де тұрады, – деп айғайлап жатқанда әйелі:

– Сұрағанын берсеңші. Сонда Алла байлығымызды арттыра түседі, – деп ақыл айтады.

Бай бір уыс алтынды беріп тұрып:

– Ей, кедей, мә, ал! Бұл қалада саған мұнша алтынды менен басқа ешкім бермейді!- дейді.

Сонда періште:

– Мақтангершілік пен көкіректік сауапты жояды. Егер адамға көмектессеңіз ол туралы жар салудың қажеті жоқ және шын пейілмен көмектесіңіз. Есіңізде болсын, біреуге берген немесе алған ақшаңыз сізге емес, Аллаға тиесілі, – дейді де кете барады.

Алланың сынағынан кедей сүрінбей өтеді: оның берген екі күміс ақшасы бір дорба алтынға айналады.

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз