Ауыз ашу мен бекітуге қажетті әрі пайдалы тағамдар

522

Көптен күткен қасиетті Рамазан биыл да жаздың ыстығына сәйкес келетіндіктен кейбіреулерге (әсіресе ең алғаш ораза тұтатындарға) ұзақ уақыт сусыз, тамақсыз жүру қиынға соғуы мүмкін. Сондықтан ауыз бекіткенде және ауызашарда бізге күні бойы күш-қуат беретін, шөлдеп, шаршап қалмайтындай пайдалы тағамдар жегеніміз жөн. Олар:

– су (көп мөлшерде);
– ыстық және салқын сорпалар (бидай, жүгері көже, рассольник, кукси т.б.);
– айран, сүт, ірімшік;
– күн сайын түрлі көкөністерден жасалған жеңіл салаттар;
– ботқалар;
– нан, макарон өнімдері;
– қайнатылған, буға піскен ет;
– құрма, өрік, мейіз, жаңғақ, миндаль т.б.
– бал;
– жеміс-жидектер.

Ал қандай тағамдарды мәзірімізден мүлде алып тастауымыз керек?

– кофе, қою қара шай;
– қуырылған, майлы тағамдар;
– ащы, қою тағамдар;
– тәттілер;
– газдалған сусындар;
– жартылайфабрикатталған шала өнімдер (дайын түшпара, манты, сорпалар, лағмандар, «бигбон», «роллтон» т.б.).

Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Рамазан айында… 3. Сәресінің берекесі

Жүкті және емізулі әйелдер ораза тұтуы тиіс пе?

Түшкіргенде «сау бол» деген дұрыс па?

 

 

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз