Атасы жақсы қандайды…

270

Атасы жақсы қандайды
Асқар бір зәулім таудай-ды.
Анасы жақсы қандайды
Арайлап атқан таңдай-ды
Ағасы жақсы қандайды
Асылың биік жалдайды.
Інісі жақсы қандайды
Дұшпаның көзін салмайды.
Әйелі жақсы қандайды
Жарқырап жанған шамдайды.
Баласы жақсы қандайды
Көңілінде арман қалмайды.
Келіні жақсы қандайды
Тындырып жаның жайлайды.
Осылар түгел болмаса,
Өрісі ердің оңбайды

Балқы Базар жырау

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз