Атаның шаһуатының көп қой мәні…

251

Атаның шаhуатының көп қой мәнi,
Ананың құрсағында қан болғаны.
Құс пен адам болар деп кiм айта алар,
Өлi қан мен жаны жоқ жұмыртқаны?
Басында оның киiмi шаhуат едi,
Қызыл қан, ақ жұмыртқа кигенi әнi!
Денесi неше миллион құбылса да,
Оның жаны – баяғы ескi жаны.
Сезiмiнiң зорайып, азаймағы –
Қандай түрде болғаннан оның тәнi.
Қайда барса, ол өзiн «өзiм» дейдi,
«Өзiм» деп денесi емес, жанды айтқаны.
Сол жаннан тiптi «өзiмдiк» жоғалмайды,
Есеп емес, сан өлiп, сан қайтқаны.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз