Астың бетін неліктен ашық қалдыруға болмайды?

471

Халқымызда астың, нанның, сүттің, жалпы барлық тағамдардың бетін түнде ашық қалдырмау керек деген ұғым қалыптасқан. Кейбіреулер мұны түсінбей не үшін? ашық қалдырса не болады? деп сұрауы мүмкін. Мұның жауабын Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) келесі хадисінен білуге болады: «Күн батуға айналғаннан құптанның қою қараңғылығы түскенге дейін шайтандар өріп жүреді. Сондықтан сол уақытта ыдыстарды жабыңдар, торсық, местердің аузын байлаңдар! Есіктерді жауып, шамдарыңды сөндіріңдер! Өйткені шайтан байлаулы бауды шеше алмайды, ыдыстардың аузын аша алмайды, жабық ыдыстардың ішін аралай алмайды. Егер біреуің ыдыстың үстіне көлденең шыбық қойып, Алланың атын еске алудан басқа шара таппаса, оны да жасасын…» (Хадисті Хутәиба ибн Саид жеткізген. «Сахих Муслим», 96 (2012)).

Бұл біріншіден, күндіз болсын, түн болсын, беті ашық қалған тамақты шайтан аралай алмайды, екіншіден, астың бетін ашық қалдыру тазалыққа жатпайды (шаң-тозаң, шыбын-шіркей т.б. заттар түсуі мүмкін) деп түсіндіріледі.

Суды тұрып ішудің зияны қандай?
Стюардессалардың қолын арқасына қойып алуының себебі неде?
Өзімен өзі сөйлеу нені білдіреді?
Біреудің сізге өтірік айтқанын қалай білуге болады?
Бір рет қайнаған суды қайта қайнатпаңыз, себебі…

Пікір жазу

Email адресіңіз жарияланбайды. * өрістерді міндетті түрде толтырыңыз